Шымкентте көктемнің алғашқы айы жаңбырлы болды. Тек наурыз айында ТЖ департаментіне 12 дауылды ескерту келіп түсті. Басым көпшілігі Наурыз мерекесіне күндері келіп түскен.
Барлық мереке күндері нөсерлі жаңбырлар мен найзағайлар туралы жарияланды. Салдарынан 20 наурызға қараған түні жедел кезекшілердің басқару пультіне қала тұрғындарынан 800-ден астам қоңырау түсті. Барлық хабарламалар қаланың аулалары мен көшелерін су басу туралы болды. Нәтижесінде, 20 наурызда ауа-райының қолайсыздығына байланысты жауын-шашын айлық мөлшерінен көп жауды (наурызда ол 27 мм құрайды). Небәрі 6 сағат 40 минутта 29 мм жаңбыр жауды. Нұрсат, Нұртас, Теріскей, Самал-3, Қайтпас-1, Сәуле, Шаңырақ, Шұғыла, Ақ ниет, Тұран, Бозарық, Бозарық -2,4, Ақжар, Қайнар бұлақ шағын аудандарындағы аула учаскелері су астында қалды, барлығы 38 мекенжай бойынша аулалар, көшелер мен үйлер су астында қалды. Жауын-шашынның салдарын жоюға ТЖ департаментінің 117 қызметкері, 30 бірлік техникасы және 34 мотопомпасы тартылды, 8 мың текше метр су сорылды, 4 уақытша бөгет салынды. Сондай-ақ, қаланың коммуналдық қызметтерінің қызметкерлері мен техникасы тартылды.
Дауыл ескертулері түскеннен кейін бірден қала тұрғындарына ескерту жасалынады. Бұл ретте, барлық ақпараттандыру құралдары пайдаланылады, бұл – «Дәрмен» қосымшасы, SMS-хабарламалар, теле, радиоарналарды ұстап алу, қала әкімдігі мен ТЖ департаментінің әлеуметтік желілеріндегі жарияланымдар.
Жыл басынан бері су тасқыны мәселесі қалалық ТЖ комиссиясының отырыстарында қаралды. Отырыс барысында коммуналдық-техникалық қызметтер мен аудандық әкімдіктер тыңдалды, отырыс қорытындысы бойынша міндеттер қойылып, су тасқыны кезеңіне дайындық және өту бойынша тапсырмалар берілді.
Шымкент қаласы ТЖ департаменті су қоймаларындағы, өзендердегі және каналдардағы жағдайға тұрақты негізде мониторинг жүргізеді, қауіпті учаскелерге комиссиялық тексеру ұйымдастырады. Су тасқыны жағдайын жою бойынша жедел штаб құрылды, ол қажет болған жағдайда тәулік бойы жұмыс істейтін болады. Ауа райының өзгеруіне байланысты Департамент қызметкерлері күн сайын 4 су қоймасына мониторинг жүргізеді: Тоғыс, Бадам, Текесу және Ақжар. Қазіргі уақытта олардың толуы 16-дан 70% — ға дейін құрап отыр.
Сондай-ақ, «2021-2023 жылдарға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралардың Жол картасына» сәйкес қала аумағында 6 елді мекенде ұзындығы 5160 метр Бадам өзенінде арнаны түзету және жағалауды нығайту бойынша іс-шаралар жоспарланған: Жыланбұзған, Тоғыс, Маятас, Игілік, Қызылжар, Тәуелсіздіктің 20 жылдығы, Забадам кентіндегі Ақсай-Қарабастау каналын күрделі жөндеу, хабарлау сиренасын орната отырып Ақжар су қоймасын күрделі жөндеу; 195-орамдағы Бозарық каналын күрделі жөндеу және Забадам кенті.
Су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларға әрекет ету үшін қаланың коммуналдық қызметтері мен ТЖ департаментінің күштері мен құралдары дайындыққа келтірілді. Бұл мәселе ақпан айында Төтенше жағдайлар департаментінде Шымкент қаласының азаматтық қорғау қызметтерінің өкілдерімен өткізілген отырыс барысында да талқыланды.
Департамент басқа өңірлерге су тасқыны мен су тасқыны салдарын жоюға көмек көрсету үшін жеке құрамнан 43 адам, 7 бірлік арнайы техника, 12 дана мотопомпа және 14 тәулікке құрғақ паекпен қамтамасыз ете отырып, 2 қайық мөлшерінде күштер мен құралдар қалыптастырды. Техника мен жабдықтардың, сондай-ақ өрт сөндіру түтіктерінің ақаусыздығына тексеру жүргізілді.
Шымкент қаласының аумағында ықтимал су тасқынының қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету бойынша жұмыс ТЖ департаментінің және жергілікті атқарушы органдардың тұрақты бақылауында.
Мадияр ЖАҚСЫБАЕВ
Азаматтық қорғау полковнигі, Шымкент қаласы ТЖ департаментінің бастығы
Leave a Reply