МЕКТЕП ЖАНЫНАН ҚОСЫМША ҒИМАРАТ САЛЫНУДА

Түркістан облысы Келес ауданында 300 оқушыға лайықталған қосымша оқу корпусының құрылысы жүруде. Бұған дейін халық көп шоғырланған Ошақты ауылдық округінің орталығында орналасқан №46 Абай атындағы орта мектебіне қосымша корпус салу бойынша халық тарапынан сұраныс туындаған болатын.

Білім ұясы жанынан оқу корпусының құрылысымен қатар, спорт залы және асхана құрылысы қатар жүрмек. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан жобаға тапсырыс беруші Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы болып табылады.

Жалпы, Ошақты ауылдық округінің орталығында орналасқан №46 Абай атындағы орта мектебі ғимаратының бастапқы корпусы 1973 жылы пайдалануға берілген. Жобаға сәйкес, небәрі 630 оқушыға лайықталған мектепте қазір 1 мың 098 оқушы білім алуда. Яғни, толымдылық екі есеге артып, мектептің балаларға үш ауысыммен білім беруіне шақ қалған.

Нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары ағымдағы жылы басталды. Құрылысты «АвтоРемСтрой ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Нысанды келер жылы пайдалауға беру жоспарланған.

Фото интернет ашық көздерінен

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика