СТАНДАРТТАУ ТУРАЛЫ

Қазіргі таңда қазақстанды әлемдік қоғамдастық нарықтық экономикасы бар мемлекет ретінде мойындаған. Қысқа тарихи мерзім ішінде тәуелсіздік алған Қазақстан әлемдік өркениетке кіріге отырып, жаңа прогрессивті технологиялар өндіру, сақтау, тасымалдау және өсімдік шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және мал шаруашылығын пайдаланып экономикада сілкініс жасады. Экономиканың нарықтық қарым-қатынасқа көшуіне байланысты аумақтардың ықпалы артуда. Кәсіпорындардың дербестігін арттырғандықтан әзірлеушілер арасындағы, өндірушілер, тұтынушылар, мемлекеттік органдар және аймақтық басқару құқықтық қатынастарды мемлекеттiк реттеу қажеттігі және де бірінші кезекте адам өмірі мен қоршаған ортаға қауіпсіздігін арттыру күшейтіп отыр.

Қазақстандағы азық-түлік өнеркәсібін дамыту, ғылыми-техникалық прогрессті жеделдету, тамақ өнімдерінің сапасын жақсарту, ақыр соңында, күрделі азық-түлік өнімдерін өндіруді басқару техникалық реттеу жүйесінің оның ішінде стандарттаудың қатысуынсыз мүмкін емес.
Тұтыну нарығының өсуіне әрі тауарлардың әртүрлілігіне байланысты стандарттау және сертификаттау саласындағы мамандарға деген сұраныс артуда. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының болашағы айқындалған.

Стандарттау — бұл өндіріс реттілігінің оңтайлы дәрежесіне қол жеткізу мақсатында өндірістік процестердің заңдылықтарын зерттейтін, сараптайтын, жалпыландыратын және тұжырымдайтын ғылым. Тәжірибелік тұрғыда стандарттаудың мемлекеттік жүйесі негізіндегі нормативтік-техникалық және әдістемелік құжаттарды жасап шығаруға және пайдалануға негізделген. Стандарттаудың түрлі формалары мен әдістерін пайдалану ауыл шаруашылығының дамуына, өнімдердің өндірістік тиімділігі мен сапасының артуына және халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарылауына жағдай жасайды.

Стандарттар — бұл кез келген қоғамның өмір сүруінің қажетті шарты. Стандарттар ғылымда, өндірісте, медицинада, экономикада, құрылыс саласында, өнеркәсіпте айырықша мәнге ие. Жаһандану дәуірінде стандарттау, метрология және сертификаттаудың халықаралық маңызы ерекше. Елдер арасындағы табысты сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамыту үшін, ұлттық өнімдер халықаралық нормалар мен стандарттарға сай болуы шарт.

Қазақстан Республикасында стандарттау жұмыстарын дамытудың негізгі бағыттары

Стандарттау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырудағы уақыт талабына сай ерекшеліктер мен басты бағыттар мына жағдайларға байланысты:

Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне байланысты саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі келісімді орындау қажеттілігіне.

— Мемлекеттік стандарттау жұмыстарын тек қана мемлекеттік бюджеттен ғана емес, басқа да бюджеттен тыс қаржы көздерінен (шаруашылық субъектілерінің қаржысынан) қаржыландыру, т.б.

Алдағы уақытта мына мәселелерді шешу қажет:

1) Стандарттау жұмыстарын басты бағыттарда қарқынды дамыту. Басты бағыттар ретінде саналады:

экология және қауіпсіздік (бірінші кезекте балалар тағамдарын, адамдарға токсикологиялық әсер ету мүмкіндігі зор тамақ өнімдерін, аса қауіпті техника түрлерін стандарттау мәселелері шешілуі қажет);

— ақпараттық технологиялар;

— ресурстарды үнемдеу;

— тұтынушылардың құқығын қорғау мақсатында өнім сапасын нормативті құжаттармен қамтамасыз етуді жетілдіру;

бухгалтерлік есеп пен банк жұмыстарын стандарттау;

— мүліктерді бағалау қызметін стандарттау.

2) Стандарттау саласында техникалық заңдылықтарды қалыптастыру.

— нақтылы өнім топтары мен түрлеріне немесе іс-қимылдарға стандарттау, метрологиялық жабдықтау және сертификаттау жұмыстарын жүргізу ерекшеліктерін айқындап беретін заңдылық актілерін жасау;

— заңдылық актілеріне — заңдарды, ҚР Үкіметінің қаулыларын, т.б. (ДСҰ қолданылатын техникалық регламенттердегідей), яғни нақтылы талаптарды (нормативтерді) енгізу.

3) Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуы үшін қажетті жағдайларды орындау. Бұл үшін стандарттау саласында жасалуға тиісті:

— Ұлттық стандарттарды халықаралық стандарттармен үйлестіру;

ДСҰ мүше мемлекеттерімен тығыз ақпараттық байланыс орнату;

— қолданыстағы мемлекеттік стандарттар қорын жаңарту.

Мемлекеттік стандарттар қоры ескіріп отырады. Мысалы, Ресейде 60%-дан астам мемлекеттік стандарттар (олардың көбі біздің елде де қолданыста) 1986 жылға дейін қабылданған.

4. Жаңа стандарттарды дайындауды қаржыландыру үшін бұл жұмысқа шаруашылық субъектілерін және шетел инвесторларын кеңінен қатыстыру қажет.

А. ҚЫРЫҚБАЕВА,

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің ОҚО бойынша департаментінің бөлім басшысы

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика