Мемлекеттік қызмет — әр елдің барлық даму сатысындағы басты баспалдағы болып саналатыны баршамызға аян. Ал мемлекеттік қызметші – мемлекеттiк органда заңнамада белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерден не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қаражатынан ақы төленетiн лауазымды атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкiлеттiктi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық мәртебесі ҚР Конституциясымен, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» заңымен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.
Соңғы жылдарда кəсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бағытында бірқатар маңызды шаралар жүзеге асып жатыр. Оның бірі – іс басындағы мемлекеттік қызметкерлерді кешенді аттестаттаудан өткізу. Менің ойымша, Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында өткізілетін бұл шараның мақсаты қызметшілердің кəсіби дайындық деңгейі мен лауазымдарына сəйкестігін анықтау ғана емес, ол лауазымды тұлғалардың жалпы халықпен қарым-қатынас жасауына керек қасиеттері мен құзыреттерін айқындау болып табылады. Басқаша айтқанда, халыққа қызмет көрсетудің сапасын арттыру, жүзден жүйріктерді мансаптық жолмен жоғарылату. Шыны керек, «Мəңгілік Ел» идеясын ел санасына қалыптастыратын да, ілгері апаратын да мемлекеттік қызметкерлер емес пе? 100 қадамның, кəсіби аппарат құрудың 15 қадамы да азаматтарды мемлекеттік қызметке алғаш қабылдау рəсімінен бастап, оларды кешенді аттестаттауға дейінгі аралықты қамтиды.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметтің жаңа моделі мемлекеттік қызметтің баспалдақтық және позициялық модельдерінің элементтерін қамтып, аралас болып қалады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес, мемлекеттік қызметтің жаңа моделінде корпустық вертикаль: мемлекеттік саяси қызметшілер, «А» басқарушылық корпусы және «Б» атқарушылық корпусы айқын көрініс табуда.
«А» басқарушылық корпусының әкімшілік лауазымдарына тағайындау тек қана кадр резервінен жүзеге асырылады. Оны пайдалану тиімділігін қамтамасыз ету үшін кандидаттың «А» корпусының кадр резервінде тұру міндеттілігін көздейтін құқық¬тық норма қарастырылған. Ал, мемлекеттік әкімшілік қызметтің «Б» атқарушылық корпусына атқарушы лауазымдардағы мемлекеттік қызметшілер, яғни «А» корпусына жатпайтын лауазымдар кіреді. «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілердің негізгі міндеті «А» басқарушылық корпусындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, яғни, атқарушылық қызмет болады.
Мемлекеттік органдардың кадр қызметтерінің басшыларын немесе өздеріне кадр қызметтерінің функциялары жүктелген лауазымды адамдарды тағайындау мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісілетін болады.
Менің өз басым өмірлік еңбек жолымды жоғары оқу орнында алған білімімен мемлекеттік қызмет саласында біраз уақыттан бері қызмет атқарып келемін , Елбасымыздың жолдауда жастарға айтылған сөзі,-ықылым замандардан қалған «білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген аталы сөз бар. Қазақтың бұл мақалының өзектілігі бүгінгі таңда тіптен айрықша, бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман. Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді, сол білімді әжетке, тұрмыс игілігіне жарата білуімен бағаланады. Инемен құдық қазғандай, қиын да күрделі, орасан қажыр-қайрат пен ерік-жігерді талап ететін білімсіз – өмір тұл. Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны дегендей мен де тәуелсіз елдің патриот азаматы ретінде мемлекеттік қызметтің алғашқы сатысынан бастап еліме адал қызмет атқарып жүрмін. Əрбір мемлекеттік қызметші «Еліме қызмет еткенім, ол халық үшін ғана емес, өзімнің отбасым үшін де пайдасы зор» деген ұстанымда жұмыс атқару керек және мемлекеттік қызметке алғаш келіп, ант қабылдауым өмірімдегі үлкен бір сезімге тола қуанышты күндерімінің бірі деп айта аламын. Бүгінгі күні мемлекеттік қызметтің қоғамдағы рөлі мен орны бөлек. 23 маусым мемлекеттік қызметшілер мерекесі ретінде аталып өтілуі бір жағынан халықтың бізге сенім артқанының, қолдауының айғағы болса, екінші жағынан бізге қосымша жауапкершілік артып, алдағы жұмысымызға асқан жауапкершілікпен қарап, талмай еңбек етуге бірден-бір себеп болары анық. Қабылдаған антымызды қызметіміздің әр күні жадымыздан шығармай, еліміздің ертеңі үшін тер төгіп, жұмысымызды адал атқарамыз деп сөз беремін. Ең алғашқы «Қазақ¬стан-2030» деген атаумен қа¬был¬данған стра¬тегиялық бағ¬-дар¬ла¬маның мер¬зімі¬нен бұрын орындалып, сүйікті Отанымыздың мейлінше дамыған 50 елдің құрамы¬на кіруіне байланыс¬ты жаңа стра¬теги¬ялық бағдарлама қабылдау қажеттілігі туындаған еді. Осыған орай, «Қазақстан-2050» атты жаңа бағдарлама өмірге келді. Бағдарлама межесі – 2050 жылға қарай, дамыған 50 елдің қатарынан көріну. Айтуға оңай болғанмен, бұл деген аса ауқымды, өте күрделі міндет екендігі бесенеден белгілі. Міне, осы күрмеуі қиын, бірақ мейлінше өзекті, әрі көкей¬кесті міндетті шешу тетік¬терін, Елбасы халыққа арналған Жол¬дау¬ларында айқындап беріп келеді.
«Қазақстанның Үшінші жаң¬ғыруы: жаһандық бәсекеге қабі¬¬леттілік» атты биыл¬ғы Жолдауында Елбасы әлемдік дағ¬дарыс¬тан туын¬даған еліміздегі эконо¬микалық және қар¬жы¬лық дағдарысқа қарсы бағыт¬талған, Отаны¬мыз¬дың кемелді келешегін қам-тамасыз ететін мін¬дет¬терді айшықтап берді. Бұл міндеттердің түпкі мақсаты – 100 нақты қадам¬нан тұратын Ұлт жоспарын жүзеге асырып, асқақ мақсатымыз әлемдегі барынша дамыған 50 елдің ортасынан ойып тұрып орын алу. Мәңгілік Ел идеясының салтанат құруын қамтамасыз ету. Осынау айрықша мәні бар стратегиялық жоспарды жүзеге асыру үшін терең білімді әрі жоғары білікті кадрлардың қажет¬тілігі айтпаса да түсінікті.
Мемлекеттік қызметтің беделі мен мәртебесі онда қызмет еткен азаматтарға тікелей байланысты екені сөзсіз. Өйткені, аса жауапты істің артында мемлекеттік органдардың абыройы, халықтың сенімі мен үміті, ел алдындағы азаматтық парызы таразыға түседі. Тек бар күш-жігері мен намысын, білімі мен қарым-қабілетін, шеберлігі мен қажыр-қайратын аямай жұмсаған білікті қызметкерлер ғана телегей табысқа жете алады.
Президент Н.Ә.Назарбаевтың біздің мемлекеттігімізге, оның тарихына, мемлекеттің қос босағасын биіктете түсетін адал мемлекеттік қызметшілер мен кәсіби мемлекеттік аппарат тұрғысындағы ой-тұжырымының астарында тарихи негіз жатыр. Олай болса, Елбасы қағидаты мен бұл бағытта жасалып жатқан тұжырым¬дамалы өзгерістерді еліміздің барша аумағында түрлі әкімшілік-мемлекеттік қызметте жүрген әріптестеріміз бен осы қызметке келіп, халық үшін еңбек етуді ойлап жүрген талапкер жастар біліп, түбегейлі түсінуі тиіс. Өйткені, мемлекеттік қызмет пен оның кәсіби аппараты басқа қызмет түрінен өрелілігімен өзгеше, жүгімен жауапты. Бұл – тек, белгілі бір саладағы қызмет түрі емес, ұлт ұжданының алдындағы мәртебелі міндет!
Бұл қасиеттердің түпкі мəні – жоғары моральдық жауапкершілік, кəсіби білім, оны тəжірибеде қолдана білу, əділдік, адалдық, белсенді өмірлік ұстаным керек. Кəсіби мемлекеттік аппаратты, бүгінгі Қазақстанның болашақта тұғыры мығым, еңсесі биік «Мəңгілік Елге» айналудың кепілі ретінде қарастыруы бекер емес. Жаһандық сын-қатерлерге қарамастан еліміздің дамуына керекті жағдайларды жасайтын, алмағайып заманда тығырықтан шығатын оңтайлы жолдар тауып, дамудың даңғыл жолына жетелейтін мемлекеттік билік аппаратының еншісінде болса, жекелей келгенде əрбір мемлекеттік қызметшінің кəсіби біліктілігіне байланысты екені айдан анық. Сол себепті, Елбасының Жарлығы мен мемлекеттік қызметшілерді аттестаттаудан өткізу туралы шешімі дер кезінде қабылданған шара деп білемін. Елбасымыздың бұл ұстанымы ойының үшкірлігі мен еліне деген патриоттық сезімі шексіз екендігін айғақтайды. Кешенді аттестаттаудан өткізудің мақ саты да маңдай теріңмен жинаған білімді, білімсіздермен теңеспеу үшін арнайы заңдарды қарастырып, сынақтан өткізу емес, кəсіби, білімді, тек халықтың игілігі үшін еңбек етіп, еліміздің дамуына өз үлесін қосатын мамандарды анықтау деп білуіміз қажет. Мемлекеттік қызмет атқару – қоғам тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатындықтан бұл саяси іс-шараның мемлекетімізге тигізер пайдасы өте зор.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алған кезде елімізге жаңа мәртебемен қоса улкен жауапкершілікпен, мол міндеттерде жүктелгендігі бәрімізге аян. Осындай зор міндетті жүзеге асыру, ауқымды жұмысты атқару тек білімді де, білікті әрі қиыншылықтар мен түрлі тапсырмаларға жауап бере алатын мемлекеттік қызметшілер аппараты қана жүзеге асырылуы мүмкін. Сондықтан да Президент өзінің алғаш Жолдауынан бастап жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған Жолдауларында мемлекттік қызметшінің бейнесін нақтылай түскендей болады. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Президент ең бастысы елімізде тәртіп, ал қызмет басында — бірлік, біліктілік пен төзімділіктің болуын қалады және осы ойын әрдайым маңызды әрі ресми құжаттар , баяндамалар, үндеулер арқылы халақтың мемлекеттік қызметшілердің ой-саналарына жеткізіп тұр. Елбасы Қазақстанның алдына әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруде және мемлекеттік қызметті одан әрі жетілдіруде басым бағыттардың бірін анықтап, оны жоғары халықаралық стандарттарға дейін жеткізу міндетін қойды. Елімізге ісіне берілген кәсіби- даярланған, басшылық шешім қабылдау аясында бәсекеге түсе алатын менеджерлерден тұратын мемлекеттік аппарат қажет. Осыған орай яғни экономикалық және қоғамдық модернизация қажеттілігіне сай білім реформасы мен басқарудың жаңа үлгісін Қазақстанның бәсекеге төтеп беруі мүмкін емес.
Сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту жөнінде айтатын болсақ, мемлекет басшысының саясатына сәйкес Агенттік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасаған адамдардың лауазымы мен мәртебесіне қарамастан, жазаның бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз ету жөнінде жүйелі шараларды қолдануда. Мемлекеттік қызметте заманға сай өзгерістер еніп жатыр. Соның ішінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға аса мән берілуде. Халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту да күн тәртібінде. Аталған мәселелердің бәрі мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыра түседі
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықты ескерту және оның алдын алу бойынша жұмыстың күшейтілуіне көп назар аударылады. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен қабылданған сыбайлас жемқорлықтың алдын алу қағидаты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы үшін негізгі қағидаты болып табылады. Сыбайлас жемқорлықтың себептерін және жағдайын анықтау мен жою – біздің жұмысымыздың негізгі басымдықтарының бірі боларын ұмытпағанымыз абзал.
ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заңының негізгі қағидаттары мен механизмдері барлық құқық қорғау органдарына қатысты болмақ. Ол екі бөлімнен тұратын болады. Жалпы бөлімінде әкімшілік және құқық қорғау қызметіне орналасудың негізгі талаптарын реттейтін нормалары көрсетілетін болады, олар конкурстық рәсімдердің жариялылығын және әділдігін, сондай-ақ меритократия қағидатын қамтамасыз етудің жалпы механизмдерін айқындайды. Заңның ерекше бөліміне әкімшілік және құқық қорғау қызметін өткеру ерекшелігін көрсететін нормалар енгізілетін болады.
Қазақ елі тәуелсіздік жолында небір қиын жолдардан өтті. Егемендік алып, дербес мемлекет құрылды, бүкіл әлемге — ұлы ұлт ретінде танытқан Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жастарға сенген сенімінен шығып, елімнің өсіп өркендеуіне өз үлесімді қосқым келеді. Елімнің сенімі маған үнемі қанат бітіріп, күш береді, өмірге деген құштарлығымды оятып, жаңа ойлар туындатады . Сондықтан, қазір бар жауапкершілікпен алдағы уақытта халқыма адал қызмет етемін деп сөз беремін.
Н. Е. БЕКЖАНОВ,
Техникалық реттеу және метрология комитетінің
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің жетекші маманы
Leave a Reply