ҚАЛАДА ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТУ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

 

Биылғы жылдың қортындысы бойынша Шымкенттегі 81 елді мекеннің 42-сі табиғи газбен толық, 31-і жартылай, 8 елді мекен қамтылмаған. Бұл көрсеткішті арттыру мақсатында 2022 жылы барлығы 15 нысанда құрылыс жұмыстарын жүргізілді.
Қазіргі таңда, Көкбұлақ елді-мекенінді, Батыс шағынауданы және Тұран -2 шағынаудандарында табиғи газбен қамту құрылыс жұмыстары толық аяқталып, тұрғындарға табиғи газ желісіне қосылуға мүмкіншілік берілді.
Сонымен қатар, жыл сонына дейін Арғымақ, Ақтас, Ақтас-2, Ақжар, Нұртас, Сәуле елді мекендері және Ақтас магистралды жүйелердің құрылысы аяқталып, абоненттеу жұмысы жүргізілетін болады. Аталған аумақ тұрғындары табиғи отынға қол жеткізіп, күл шығарудан құтылмақ.
Айта кететін жайт, мердігер мекеме тарапынан газ құбыры тұрғын үй алдына дейін жеткізіледі. Әрі қарай үйге қосу жұмысы жеке мекемемен келісім-шарт жасау арқылы тұрғындар өз есептерінен жүргізулері тиіс.
«2023-2025 жылдары аралығында қаланың даму жоспарына сәйкес, жартылай қамтылған 17 елді мекенде және мүлдем қамтылмаған 3 елді мекенде табиғи газ жүйелерінің құрылысы салынып, қала тұрғындары, басқада нысандар 100% табиғи газбен қамтылады», — деді басқарма өкілдері.
Еске сала кетейік, былтыр Бадам тұрғын алабында (195 орам) 331 абонентке табиғи газ жүйесінің құрылысы аяқталған болатын. Биыл 13 тұрғын алапта табиғи газбен қамтылмаған жаңақұрылыс аумақтағы 6149 абонентке ЖСҚ әзірленеді. Атап айтқанда,Тоғыс, Жыланбұзған, Елтай, Айнатас, Қарабастау, Жұлдыз, Жалын, Бадам, Қаратөбе, Оңтүстік-Жаңақұрылыс, Бадам, Бадам-2 және Оңтүстік елді мекендері бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Жалпы қалада 2023 жылы 8, 2024 жылы 12 елді мекен табиғи газбен толық қамтылады. Қазіргі таңда бұл бағытта тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Айта кетейік, Шымкентте АГРС-3 автоматтандырылған газ тарату станциясы іске қосылды.Енді қаланың барлық аумағын көгілдір отынмен қамту мүмкіндігі бар. Елдегі ең ірі газ тарату станциясының құрылысы 59 шақырым газ құбыры тартылған.

Абоненттеу жұмысы қажетті құжаттары толық дайын, «ҚазТрансГаз» тарапынан техникалық шарт алған тұрғын үйлер рет-ретімен табиғи газ құбырына қосылатын болады. Нәтижесінде 34 мыңнан астам адам табиғи газ жүйелеріне қосылуға мүмкіндік алады.
Жыл қорытындысымен, Шымкент қаласы тұрғындарының табиғи газбен қамтылу көрсеткіші 93%-дан — 94,7%-ға жетті. Бекітілген жоспарға сәйкес, Шымкент қаласы тұрғындары 2025 жылы 100% табиғи газбен қамтылатын болады.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика