Әскерге шақырылушылардың денсаулығына қойылатын талап өзгерді

       Baq.kz – Қазақстанда көктемгі әскерге шақырылым өтуде. Осы ретте кейбір болашақ сарбаздар медициналық тексеруге алдын ала шақырылып жатыр. Өйткені, отан алдындағы борышын өтеушілердің денсаулығына қойылар талап өзгерген. Бұған дейін жігіттердің әскерге жарамсыз деп табылуына негіз болған кейбір аурулар қазір тізімнен алынып тасталынды. 

       Алдын созылмалы асқазан ауруымен (гастрит) ауыратын болашақ сарбаздың әскерге баруы үш жыл кейінге қалдырылса, қазір ол мерзім қысқарған. Он екі айдан соң, диагноз қайта расталуы қажет.
       Сондай-ақ, екінші дәрежелі майтабандылық әскерден құтқармайды. Денсаулық сақтау министрлігімен келісілген Қорғаныс министрінің бұйрығы бойынша, жастар белгілі бір шектеулермен әскери қызметке жарамды саналады. Дәл осындай өзгертулер лор, кардиологиялық ауруларға да қатысты болып отыр.
       Облыстық әскери комиссариат медкомиссиясының аға дәрігері Игорь Журавкиннің осы салада жүргеніне 30 жыл болыпты. Осы уақыт аралығында болашақ борышын өтеушілердің өздеріне де, олардың денсаулығына да талаптар өзгертілген.
       «Созылмалы дерттері бар жігіттер көбейді. Қант диабеті, жүрек қан тамырлары жүйесі, тыныс демікпесі, жүйке жүйесінің дамуында ақаулары, омыртқасында патологиясы бар жастар көп»,- деді ол.
    Десе де, әскери комиссариаттағылар медициналық талаптардың өзгеруі әскерге шақырылушылардың санына әсер етпегенін атап өтті.
       «Әскерге шақырушылар денсаулығына қойылар талаптардың өзгеруі туралы бұйрықта қандай патологиялық аурулармен борыш өтеуге болатыны нақтыланған. Өйткені, аурудың алдын алу шаралары жақсарды», — деді Игорь Журавкин.
         Еске сала кетейік, көктемгі әскерге шақыру маусым айының соңына дейін жалғасады. 

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика