ШАҒЫН КӨЛЕМДІ КЕМЕЛЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ КЕДЕН ОДАГЫ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТІ КО ТР 026/2012

Шағын көлемді кемелердің қауіпсіздігі туралы

Кеден Одагы техникалық регламенті

КО ТР 026/2012

 

1.Қолданылу саласы

 

Бұл Кеден одағы техникалық регламенті кедендік аумақтағы шағын көлемді кемелерге, шағын көлемді кемеге арналған құтқару құралдары мен жабдығына қойылатын қолдану және орындау үшін міндетті бірыңғай талаптарды белгілейді.Кеден одағының кедендік аумағында айналымға шығарылатын шағын көлемді кемелердің, шағын көлемді кемеге арналған құтқару құралдары мен жабдығының еркін орын ауыстыруын қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.

Осы Кеден одағы техникалық регламенті Кеден одағына мүше мемлекетердің  бірыңғай кедендік аумағында айналымға шығарылатын шағын көлемді кемелерге, шағын көлемді кемеге арналған құтқару құралдары мен жабдығына, сонымен қатар оларға қойылатын талаптармен байланысты жобалау, құрылыс, пайдалану, пайдаға асыру және жою процестерінде қолданылады.

Кеден одағы техникалық регламенті мыналарға:

а)  теңіз және өзенде жүзетін кемелерге арналған құтқару және кезекші жеңіл қайықтар;

б) желкенді серфингке арналған тақталар, үрленген баллондар мен өзге де су аттракциондарына;

в)    қозғалтқышы бар серфингге арналған құрылғы және қозғалтқышы бар басқа ұқсас құрылғыларға;

г)  эксперименттік шағын көлемді кемелерге;

д)  ауа жастықшаларындағы және су асты қанаттары бар кемелерге;

е) су астында сейілдеуге арналған қайықтарға;

ж) салмағы 100 кг дейін шағын көлемді кемелерге қолданылмайды.

 

2.Сәйкестікті бағалау

 

Шағын көлемді кеме мен жабдығының сәйкестігін растау Кеден одағы комиссиясы бекіткен жүйеленген процедурасына сәйкес өнімді шығару кезінде іске асырылады.

Сәйкестікті растау кезінде шағын көлемді кемелердің, құтқару құралдары мен жабдықтары стандарттының осы техникалық регламент талаптарына, осы техникалық регламенттің 69 бабында көрсетілген тікелей берілген немесе белгіленген стандарттарда белгіленген талаптарына сәйкестігі тексеріледі. 69 тармаққа сәйкес стандарттар тізбесі:

-тауармен қоса берілетін құжаттама (топтама, бір бұйым үшін);

-жүргізілген зерттеулер туралы мәліметтер (болған жағдайда);

-құрастырушы, сатушы, шетел әзірлеушісінің қызметтерін орындаушы тұлға және сынақ зертханалары жүргізген шағын көлемді кемелер мен жабдықтардың сынақ хаттамалары болған жағдайда.

 

3.Қорғаныш ескертпесі

 

Кеден одағы техникалық регламенті талаптарына сәйкес келмейтін шағын көлемді кемелерді немесе белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігін растауға жататын немесе сәйкестікті бағалау туралы құжатсыз және Кеден одағына мүше мемлекеттің нарығына өнімді айналымға шығарудың бірыңғай белгісінсіз айналымға шығарылған заттар мен жабдықтар анықталған жағдайда, әр Тараптың уәкілетті органдары осы өнімді айналымға шығармау, оны Тараптың заңнамасына сәйкес айналымнан алып тастау, сонымен қатар ол туралы басқа Тараптарға хабарлау жөніндегі шараларды қолданады.

Қорғаныш бабын қолдану үшін негіз мынадай жағдайларда болуы мүмкін:

-осы Кеден одағы техникалық регламентінің 4 – 5 бабының талаптарын сақтамау;

-егер қолданылса, осы Кеден одағы техникалық регламентінің 69-тармағында көрсетілген стандарт талаптарын сақтамау;

-осы Кеден одағы техникалық регламентінің 8-бабында жазылған ережелерді сақтамау;

-мемлекеттік қадағалау нәтижелері;

-жіктеу  жөніндегі уәкілетті органның  куәландыру нәтижелері.

tom: 0.0001pt; text-align: right; text-indent: 1cm;»>А.Нұртаева

tom: 0.0001pt; text-align: right; text-indent: 1cm;»>Техникалық реттеу және метрология комитетінің ОҚО бойынша департаментінің жетекші маманы


Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика