2023-02-09

Шымкентте тағы бір саябақ ашылады

Spread the love

Мегаполисте саябақтар саны артатын болды. Соңғысы қаланың қақ ортасындағы 11-шағынауданнан ашылғалы жатыр. Былтыр маусым айында құрылысы басталған.  Осы кезде жұмыстың 93% аяқталды.  Жоспар бойынша қараша айының соңына ел игілігіне беріледі. Яғни,  Шымкент қаласының 11- ші шағын ауданына қарасты жаңа саябақ құрылысы аяқталуға жақын.

Қала әкімі нысанның жұмыс сапасын бақылап, тексеріп шықты.  Демалыс орнын салушы мердігерден сапасын талап етті. Саябаққа келішулер де көп болады.  Салынып жатқан әр нысанның материалы көпке шыдамды, қасбеті сәнді болу керек дейді. «Шымкенттіктер де мәдени нысанның әр тасын күтіп ұстап, демалатын орынның тазалығын сақтауы» қажет деп қосты.

Айта өтейік, жаңа саябақтың аумағы —  1,600 га. Саябақта амфитеатр, құрғақ субұрқақ, сыйымдылығы 140 м3 болатын жер асты су сорғысы орнатылды.   Сонымен қоса ересектер мен балаларға арналған демалыс аймағы, шахмат, үстел теннисін ойнауға болатын ойын алаңы салынды. Оған  велосипед қойылатын жер, биодәретхана, көше тренажерларының спорт және трансформаторлық қосалқы станциясы, арқан паркін тағы қосыңыз. Заманауи үлгіде салынып жатқан саябақ қала тұрғындарының көңілінен шығады.

Жобалық сметасында көрсетілгендей құрылыс ауданы – 87,00 шаршы метр, қатты жабын ауданы – 2302,00 шаршы метр, көгалдандыру ауданы – 7488,00 шаршы метрді құрайды. Қазір мердігер компания жұмысшылары белгіленген межеге жетіп қалды. Алыстан «мен мұндалайтын» саябақ Еңбекші ауданының көркін ашып, шаһардың шырайын кіргізеді деп күтілуде.

Тағы еске салайық, аталған нысанның құрылысы былтыр маусым айында басталып, биыл қараша айының соңында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Шымкентте 8 саябақ, 39 гүлзар бар. Олардың барлығына шаһар тіршілігін қамтамасыз ететін арнайы мекеме қызметкерлері күтім жасайды. Бұдан бөлек, 2025 жылға дейін үшінші мегаполисте 23 гүлзар, 4 саябақ салынады. Экологияны жақсарту мақсатында қалада тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде бірнеше жұмыстар атқарылған. Бірақ әлі де қолға алынуы тиіс жұмыстар өте көп. Мәселен, Еуропа елдерінде әр адам басына 24 шаршы метр жасыл желектен келеді екен. Ал Алматыда бір адамға есептелген жасыл желек көлемі 13 шаршы метрге жетеді. Шымкентте бұл көрсеткіш тым төмен. Небары 5-6 шаршы метр. Жалпы стандарт бойынша жан басына шаққанда жасыл желек көлемі 10 шаршы метрден кем болмауы тиіс. Бұл олқылықтың орнын толтыру үшін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің хаттамалық тапсырмасына және шаһарды көгалдандыру мен көріктендіруге байланысты жасалған арнайы бағдарламаға сәйкес, 2025 жылға қарай қосымша 23 гүлзар, 4 саябақ салу жоспарланған.
Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Ғалымжан Ильясов «Қаладан 23 жер аумағынан гүлзарлар салу жоспарланған. Ол аймақтарда жыл сайын гүлзарлар салынады. Келесі жылға 6 аумақта гүлзар құрылысын жүргізу жоспарда тұр. «Шым-Сити» шағынауданынан 47 гектар аумаққа саябақ салынады. Ол көлемі жағынан шаһардағы дендросаябақтан кейінгі екінші үлкен рекреациялық орын болады. Биыл «Фиркан сити» сауда ойын-сауық орталығының маңындағы бұрынғы қоқыс полигонының орнынан салынып жатқан жаңа саябақтың құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі.

Яндекс.Метрика