2024-09-20

Тұрандағы жаңа тұрғын үйлер кемшіліксіз беріледі 

«Тұран» шағынауданы құрылыс алаңына айналғалы біраз жылдардың жүзі болды. Жыл сайын жаңа үйге қоныстанушылардың да қатарты артып келеді.  Артынша сапасы сын көтермейтінін айтып, әкімнен араша сұрайтын. Ал биыл тұрандықтар көшіп келетін үйлердің құрылысын қала әкімнің өзі жіті бақылауына алды.  Шаһар басшысы Мұрат Әйтенов «Тұран» шағын ауданындағы биыл берілетін тұрғын үйлер мен оған қатысты инфрақұрылым жүйелерінің сапасын тексеріп шықты.

Өздеріңізге белгілі, халықпен кездесу барысындағы тұрғындардан түскен шағымдар өте көп. Шаhар басшысы әрбір нысанды жіті бақылауына алып, тұрғындар және тиісті сала басшыларынан тұратын арнайы топ құрған болатын. Осылайша, кәсіби  техникалық бақылаушылардан бөлек,  Мұрат Әйтеновтің  жұмыс тобы да тексеру жүргізуде. Топ мүшелері аталған аудан аумағында құрылысы жүргізіліп жатқан тұрғын үйлер мен инфрақұрылым жүйелерінің жұмыс сапасын бақылауға алған.

Жуырда ғана жаңадан салынған баспаналардың әр пәтерін тексеріп, зерделеу жұмыстарын жүргізген болатын. Бақылаулар нәтижесінде 230-дан астам пәтерде ақаулықтарды анықтап, қайта жөндеуге уақыт берген. Тапсырманы мүлтіксіз орындадым дегшен мердігердің біткен жұмысын әкім бастаған топ қайта қадағалап шықты. Айтуларынша кемшіліктің 85% мердігер мекеме тарапынан жойылыпты.

«Шымкентте тұрғын үйге деген сұраныс жоғары. Қазірдің өзінде 48 623 азамат тізімге тіркелген болса, оның 1819-ы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 9 186-сы көпбалалы отбасы, ал 16 957-сі халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы санатында, бұл тізімде сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер де бар. Бұл кісілер ертерек өз баспанасына қол жеткізуі үшін сіздер жұмысты сапалы әрі мерзімінде орындап бітуге тиіссіздер»,-деді қала басшысы.

Тұран шағын ауданындағы инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы аяқталуға жақын. Бүгінге дейін тиісті жұмыстардың 88-95% орындалған.

Тәуелсіздік алған 30 жылда Қазақстанда 169 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй салынды. Осының нәтижесінде 1,5 млн адам тұрғын үй жағдайын жақсартты. Бұл – елдегі құрылыс саласының ерекше қарқын алғанының айғағы.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде соңғы 18 жылда бір тұрғынға шаққанда тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткіші 34 пайызға өсіп, 21,9 шаршы метрге жетті. «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру басталғалы бері, яғни 2017-2020 жылдары 52 млн шаршы метр тұрғын үй салынды. Бұл дегеніміз – 470 мың тұрғын үй. Биыл 17 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда. Яғни 163,1 мың тұрғын үй салынбақ.

Бүгінге дейін тұрғын үй құры­­лысына 3,6 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды. Оның 864 млрд теңгесі – мем­лекеттік инвестиция. Мем­ле­кет­тің 1 теңгесіне жеке инвес­тор­лардан 6 теңге тартылды.

Халықты жайлы өмірмен қам­тамасыз ету мақсатында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық сек­торын және тұрғын үй қо­рын жаңғырту бойынша 132,9 млрд теңгеге 572 жоба іске асырылды. Нәтижесінде, 8 мыңнан аса жұмыс орны құ­рылды. Үкіметтің мақсаты – 2030 жылға қарай дамыған ел­­­дер­дің деңгейіне жету және тұр­­­ғын үйді іске қосу көлемін тө­­мендетпеу.

Жыл сайынғы өсу дина­мика­сын 8-10 пайыз шегінде сақ­­тау көзделіп отыр. Бұл үшін жап­пай тұрғын үй құрылысы са­лынатын аудандарды ин­же­­нер­лік коммуникациялармен қамту, сондай-ақ халыққа және құрылыс салушыларға жеңілдетілген несиелер беру жоспарланған. Мақсат – халық пен бизнесті тұрғын үй құры­лы­сымен айналысуға ынталандыру. Бұл жеке инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қолдаудың не­гіз­­гі шаралары халықтың көп бө­лігіне қолжетімді тұрғын үй салуға бағытталған. Негізінен тұрақты табысы жоқ халықтың әлеуметтік осал санаттарын сатып алу құқығынсыз ком­мунал­дық жалға берілетін тұрғын үймен қамту көзделген. Бұл са­­натқа мүгедектер, жетім ба­ла­­лар, көпбалалы отбасылар, сондай-ақ ірі мегаполистерде жұмыс істейтін жастар жатады. Халықтың өзге топтары үшін ипотекалық өнімдер, тұр­ғын үй құрылыс жинақтары және үлестік құрылыс тетіктері қа­рас­тырылған.

Яндекс.Метрика