БӘЙДІБЕК БИ МЕН АРҒЫНБЕКОВ КӨШЕСІНІҢ ҚИЫЛЫСЫНДАҒЫ ЖОЛАЙРЫҚТЫҢ ОҢ ЖАҚ БҰРЫЛУ ЖОЛЫ АШЫЛДЫ

Шымкент қаласы Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесінің қиылысында салынып жатқан жолайрықта қос бірдей оң жақ бұрылу жолдары ашылды.  Оның бірі арқылы Бәйбідек би даңғылында солтүстіктен оңтүстік бағытқа қарай жүріп келе жатқан көліктер оң жаққа бұрылып, Арғынбеков көшесіне түсіп, батыс бағытта қозғалысын жалғыстыра алады.
Екіншісі арқылы Арғынбеков көшесін бойлап шығыстан батыс бағытта жүріп келе жатқан автокөліктер оңға бұрылып, Бәйдібек би даңғылымен солтүстік бағытта қозғалысын жалғастыруына болады.
Құрылыс жұмыстарына байланысты бірінші қарашадан бастап, Бәйдібек би даңғылындағы қозғалыс толығымен жабылады. Балама жол ретінде Жүсіпов көшесі қарастырылған.
Шымкент қаласының бас жоспарына сәйкес салынып жатқан жолайрықтың құрылысы 2023 жылдың соңына қарай аяқталады деп жоспарланған.
Айта кетейік, құрылыс аумағы Бәйдібек би даңғылында 700 метр, Арғынбеков көшесінде 921 метрді алып жатыр.  Үш деңгейлі, заманауи жолайрық автокөліктердің кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етеді. Жоба бойынша ені 80 метрлі төрт және алты жолақты автомагистраль салынып, жол жиегіне жаяу жүргіншілер жолағы және веложол төселеді деген жоспар бар.
Естеріңізге сала кетейік, жолайрықтың Бәйдібек би даңғылы бойындағы көлік қозғалысы 6 шілде күні жабылған еді. Кейіннен тамыз айының 31 күні көлік кептелісін азайту мақсатында Бәйдібек би даңғылының бойымен бір бағыттағы жол солтүстікке қарай уақытша қайта ашылған болатын.
Құрылыс жұмыстарын ыңғайластыра отырып, жоспар бойынша қазан айының 30-нан бастап Арғынбеков көшесі көлік қозғалысына ашылатын болады.
Жоспарға сәйкес, Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесінің қиылысында салынып жатқан жолайрықта қос бірдей оң жақ бұрылу жолдары ашылып, көпті қуантты.   Оның бірі арқылы Бәйбідек би даңғылында солтүстіктен оңтүстік бағытқа қарай жүріп келе жатқан көліктер оң жаққа бұрылып, Арғынбеков көшесіне түсіп, батыс бағытта қозғалысын жалғыстыра алады.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика