«ТАЗА ҚАЛА» АКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Шымкент қаласы Азаматтық Альянсының ұйымдастыруымен оныншы рет өткен «Таза қала» акциясы қазан айында мәресіне жеткен болатын. Бүгін Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы мен Шымкент қаласы Азаматтық Альянсының өкілдері жеңімпаздардың жүлдесін салтанатты жағдайда табыстады.
Бексұлтан Әділханов,Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары: » Бүгін Республикалық маңызға ие Шымкент қаласының көркейіп, абаттануына үлес қосып отырған азаматтардың басын қосып отырмыз. Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен, Шымкент қаласы Азаматтық Альянсының ұйымдастыруымен жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан акцияның биыл ауқымы кеңейіп, үздіктер саны артып отыр. Бұған дейін қала бойынша 4-5 аталыммен ғана үздіктер анықталып келген. Биыл 5 номинация бойынша әр ауданның өз үздіктері анықталып отыр. Бұл қаланың басым бөлігін қамтуға мүмкіндік берді. Қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып, қаланың көркеюіне үлес қосып жүрген өздеріңіздей азаматтарға алғысымыз шексіз».
«Таза қала» акциясы аясында арнайы комиссия құрылып, қаладағы 4 ауданнан «Үздік аула», «Үздік көше», «Үздік үй», «Үлгілі коммуналдық қызметкер», «Үздік шағынаудан» аталымдарына сай жеңімпаздарды анықтаған.
«Таза қала» акциясын ең алғаш рет 2007 жылы Шымкент қаласы облыс қарамағында кезде бастау алған. Содан бері байқау оныншы мәрте ұйымдастырылып отыр. Жыл өткен сайын акцияға қызығушылық танытып, белсенді атсалысатын тұрғындар қатары көбейіп келеді. Ал биыл әр аталым бойынша 4 ауданның өз жеңімпазы анықталды.  Сондай-ақ, бұған дейін жеңімпаздарға бағалы сыйлық беріліп келген болса,  биыл қатысушылардың өтінішіне орай жүлделер қаржылай табысталды.
«Акцияның жүлде қоры 4 миллион 300 мыңды құрайды. Әр ауданға 1 миллионнан бөліп, қалған қаражатты ұйымдастыру жұмыстарына бағыттадық», — дейді Шымкент қаласы Азаматтық Альянсының төрағасы Жұмағали Білісбеков.
Айта кетейік, 5 аталым бойынша әр ауданнан 15 үздіктен 60 азамат марапатталды.

Related Posts

Богатое наследние предков в воспитании и образовании

Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика