Қазақстан визасыз режімді енгізеді

tories/visa-processing.jpg» width=»220″ height=»220″ alt=»visa-processing» style=»float: right;» />

tom: 7.5pt; line-height: 18pt;»>       Қазақстанда біржақты тәртіппен 10 мемлекет азаматтары үшін визасыз режім биылғы 15 шілдеден бастап күшіне енеді.

tom: 7.5pt; line-height: 18pt;»>       Бұл туралы  дипломатиялық корпустың өкілдері үшін өткен брифингте ҚР СІМ басшысының бірінші орынбасары Рәпіл Жашыбаев мәлім еткен болатын.

tom: 7.5pt; line-height: 18pt;»>       Бұл тізімде  АҚШ, Нидерланды, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Малайзия, Біріккен Араб Әмірліктері, Корея Республикасы және Жапония бар.

tom: 7.5pt; line-height: 18pt;»>       «Қанатқақты жобаны біз биылғы 15 шілдеден бастаймыз. Ол 2015 жылдың 15 шілдесіне дейін жалғасады. Аталған мемлекеттердің азаматтары Қазақстан аумағында іскерлік немесе өзге мақсаттар бойынша 15 күннен астам уақытқа қалғысы келсе, онда олар ішкі істер органдарына іскерлік визаны рәсімдеу туралы өтінім беруі тиіс. Осы орайда бұл шетелдік азамат визаны 30 күнге дейін ұзарта алады. Егер де инвестор бұдан ұзақ мерзімге қалуға ниеттенсе, ол ҚР Сыртқы істер министрлігіне жолығуы қажет. Біз осы бағытта оған 3 жылға дейін рұқсат беретін инвесторлық визаны рәсімдейміз», — деді Р. Жошыбаев.

tom: 7.5pt; line-height: 18pt;»>       Сонымен қатар вице-министр аталған 10 мемлекет Қазақстан азаматтары үшін визалық тәртіпті жеңілдету шараларын бастағанын атап өтті. Мәселен, Малайзия біржақты тәртіпте қазақстандықтарды 30 күнге дейін  визалық рәсімдеу қажеттілігінен босатты.

tom: 7.5pt; line-height: 18pt;»>       Бұдан бұрын хабарланғандай, кеше ҚР Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің 27-ші жалпы отырысы барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан біржақты тәртіппен 10 мемлекет азаматтары үшін визасыз режім орнататынын мәлімдеген болатын.

tom: 7.5pt; line-height: 18pt;»>       «Бизнес байланыстарды, кәсіпкерлердің халықаралық кооперациясын кеңейту үшін визалық тосқауылдарды жою қажет. Бүгінде біз Қазақстанда барынша жоғары инвестициялық белсенділік көрсеткен 10 мемлекеттің азаматтары үшін визасыз режімді біржақты бекіту турасында жария етеміз», — деді Н.Назарбаев.

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика