Қазақстандағы мектептерде ата-аналар комитеттерінің орнына қамқорлық кеңестерін құрған тиімдірек. Бұл туралы еліміздің Дағдарыс орталықтары одағының басқарма төрағасы Зүлфия Байсақова мәлім етті.
tom: 7.5pt; line-height: 18pt;»> «Жалпы, мектептерде оқушылардың ата-аналарынан құрылған ата-аналар комитеттеріне тыйым салып, оның орнына қамқорлық кеңестерін құру қажет», — деді ол бейсенбі күні «Нұр Отан» партиясы жанындағы білім жәнен ғылым мәселелері жөніндегі сараптама тобының отырысында.
tom: 7.5pt; line-height: 18pt;»> З.Байсақованың айтуынша, «қамқорлық кеңесіне мектепке де, ата-аналарға да қатысы жоқ адамдар қабылдануы тиіс».
tom: 7.5pt; line-height: 18pt;»> «Олар сырттан қаражат тартып, аталған оқу орнын дамытуға мүмкіндік жасайды, сол білім беру мекемелерінің қаражатты қалай пайдаланып жатқанын бақылап отырады», — деді ол.
tom: 7.5pt; line-height: 18pt;»> Сонымен қатар, З.Байсақова мектептер бюджетінің ашық еместігін атап өтті. Бүгінде мектептер «қаржылық сараптау тұрғысынан алғанда жабық мекеме» болып табылады, деді ол.
tom: 7.5pt; line-height: 18pt;»> «Сайт ашу қажет. Онда мектептер бюджеттен бөлінген қаражат пен қосымша қаражаттары туралы, олардың қайда жұмсалып жатқаны жайлы мәліметтерді жариялап отырар еді. Сонда біз ол қаражаттың қаншалықты қажеттігін біліп отырамыз», — деді З. Байсақова.
tom: 7.5pt; line-height: 18pt;»> «Бүгінде мемлекет мектептерге орасан зор көлемде қаражат бөліп отыр. Мектептер тендерге бағынышты. Онда баға саясатына басымдық беріледі. Шынында, балаларға қатысты нәрсенің бәрін тендер жүйесінен шығаруымыз керек», — дейді Одақ жетекшісі.
tom: 7.5pt; line-height: 18pt;»> Қазақстандық оқушылардың ата-аналары мектептердегі алым-салықтарға көп кезігеді. Ақша негізінен сыныптың ішін реттеуге, мерекелерді өткізуге және мұғалімдерге сыйлық жасауға жұмсалады, дейді мәжіліс депутаты Камал Бұрханов.
tom: 7.5pt; line-height: 18pt;»> «Арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесіне сүйенсек, сауалнамаға қатысқан ата-аналардың 29%-ы мектептің қажетіне арнап тұрақты түрде ақша өткізіп отырады екен. 47 пайызы алым-салық проблемасына бірнеше рет жолыққан. Сонымен, ата-аналардың 76 пайызы жылына кем дегенде бір рет мектепке ақша өткізген», — деді ол бейсенбі күні «Нұр Отан» партиясы жанындағы білім жәнен ғылым мәселелері жөніндегі сараптама тобының отырысында.
tom: 7.5pt; line-height: 18pt;»> Депутаттың айтуынша, «ақша негізінен мектеп қорына, сыныпты әрлеуге, мерекелерді атап өтуге, мектеп директорлары, олардың орынбасарлары мен мұғалімдерге сыйлық алуға жұмсалады». «Кейбіреулер тіпті, күзетшінің жалақысына деп ақша өткізген көрінеді», — деп қосты ол.
tom: 7.5pt; line-height: 18pt;»> Сонымен қатар, ата-аналар көп жағдайда «оқулықтарды мемлекет беретініне қарамастан, өз қаражатына сатып алады» дейді депутат.
tom: 7.5pt; line-height: 18pt;»> Алым-салық мұғалімдер арасында да жоқ емес көрінеді. Мәселен, партияға мектеп басшыларының мұғалімдерді газет-журналдарға жазылуға мәжбүрлейтіні жөнінде шағымдар келіп түскен.
Leave a Reply