ЭТНОӘЛЕУМЕТТІК ҮРДІСТІҢ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ САРАПТАЛДЫ

Этносаясатқа бағытталған іс-шаралар өткізудің әдіс-тәсілдері тақырыбындағы кездесуге Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ-түрік халықаралық университеті, Түркология ғылыми-зерттеу институтының директоры Кенжетаев Досай Тұрсынбайұлы, Келес ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің өкілдері, «Қоғамдық келісім» КММ Келес аудандық филиалының басшысы Тленов Полатбек, Қоғамдық келісім кеңесі төрағасы Нұртаев Лесбек, Аналар кеңесі төреайымы, этномәдени орталық мүшелері, жастар орталығы қатысты.

Жиын барысында «Зайырлылық» ұғымына кеңінен тоқталған Досай Тұрсынбайұлы оңтүстік өңірлерінде этноәлеуметтік үрдістің дамуының негізгі бағыттарына сараптама жасай отырып, этносаралық қақтығыстардың алдын алудың заманауи әдістері, модельдері, теориялық және практикалық аспектілері бойыншы баяндама жасады. Сонымен қатар дін наным сенім тақырыбын да тереңінен талдап, қазақ мұсылмандығының басқа мұсылмандық формаларынан ерекшелігі оның «діни танымы» мен «діни тәжірибесі» тұрғысында ислам дінін қазақ халқының ойлау жүйесінің шаблонына айналғанын жан-жақты мысалдармен жіктеп берді.

Өткізілген семинардың басты мақсаты — этносаралық қатынастарды және этносаяси жағдайды зерттеу, отандық патриотизмді қалыптастыру, ғылыми зерттеу арқылы қоғамдық тұрақтылыққа шақыру, мемлекеттiң тәуелсіздігін, интеграциялық саясатты насихаттау болып табылады.

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика