2024-07-27

Қазақ күресі

tories/46b286967d75cd43c463521fc234be2e.jpg» border=»0″ width=»318″ height=»180″ align=»left» />    Таяуда Бородулиха ауданында Қазақстан Республикасының спорт шебері Зайкенов Мұратбек атындағы қазақ күресінен жасөспірімдер арасында облыстық турнир өткізілді.

    Аталған жарыста М.Имашев атындағы облыстық спорт мектебінің  жас балуандары тамаша өнер көрсете білді. Атап айтқанда, Қажыбеков Рауан 29  кг. салмақта, Ғалымов Есбол — 35, Қалымбеков Еркебұлан — 51, Қанатбеков Диас — 57, Мұзапарханов Ғайса — 57 кг. салмақтарда барлық қарсыластарын ұтып, турнирдің чемпионы атанса, Ержанов Данияр 35 кг. салмақта  — 2, Берекетов Мейіржан   (57 кг), Ержанов  Ерасыл (46 кг), Иманғалиев Әсет 32   кг.  салмақта жүлделі — 3  орынға ие болды. Командалық  I  орынды мектеп балуандары талассыз жеңіп алды.
   Осы жарысқа команданы дайындаған Х.Ыдырышев, М.Майыров, М.Жекеновтің  еңбегі зор. Жарысқа  үлкен демеушілік көрсеткен кәсіпкер Жанұзақов  Қанатқа жас балуандардың алғысы шексіз.

 М.Рахманқұлов,
 мұғалім- жаттықтырушы.

Яндекс.Метрика