2022-12-08

Мүддеміз – университетте ұлттық, халықаралық деңгейде кадрлар дайындау

Spread the love
       Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқытушы-профессорлары мен қызметкерлері мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2014 жылғы кезекті Қазақс-тан халқына Жолдауын кеңінен талқылау мақсатында бас қосты.
       Жыл жаңалығын өз пікір-көзқарасымен жеткізіп, Жолдаудағы өзекті, ауқымды мәселелерді баяндамаларына арқау еткен зиялы қауым өкілдері Жолдауды талдап, өз пікірлерін ортаға салды. 
       «Орыс филологиясы және журналистика» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., профессор Б.Сердәлі: «Мүддеміз – университетте ұлттық, халықаралық деңгейде кадрлар дайындау»,- десе, «Жастар ұйымы» төрағасы Б.Ермаханов: «Барлық саланы қамтитын Жолдауда жастар тағы да назардан тыс қалған жоқ. Елбасы бұл Стратегия жастарға арналған, оны жүзеге асыратын да, жемісін көретін де біздер, немқұрайлылық танытпаңыздар деп елдің болашағын барша халықпен бірге жасауға шақырды. Жақсы жаңалық, студенттердің шәкіртақысы және білім қызметкерлерінің жалақысы өсетіндігі жайлы айтты. Халықаралық қазақ-түрік университетінің жастары Жолдаудағы «Мәңгілік ел» идеяларын жүзеге асыруға дайын»-деді.
       Қорытынды баяндаманы университет президенті, профессор У.Әбдібеков жасады. «Түбі терең, өте маңызды Жолдауда барлық мәселе жан-жақты қарастырылған. Әсіресе, Елбасының Қазақс-тандық патриотизмді дамыту жайына жеке тоқталғаны, «Мәңгілік ел» бағдарламасы бойынша халықтың өз-өзіне, болашағының зор екеніне сенім ұялатқаны ең жоғары міндеттердің бірі деп есептеймін». Осылайша қорытындыланған жиынға қатысушылар бір серпіліп, болашаққа деген нық сеніммен тарқасты.
 PR медиа орталығы.
Яндекс.Метрика