«ДОҢҒАЛАҚТЫ КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ» КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТІ

«Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының Техникалық регламенті

 

Назарларыңызға ұсынылып отырған бүгінгі мақаланың тақырыбы, 2015 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енген, 018/2011 «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының Техникалық регламентінің жүзеге асырылуы туралы болмақ.

Регламенттің талабы бойынша, техникалық реттеу нысанасына төмендегілер жатады:

— ортақ автокөлік жолдарында пайдаланыстағы L, M, N, O дәрежесіндегі доңғалақты көлік құралдары және шассилер;

— көлік құралдарының қауіпсіздігіне әсер ететін қосымша бөлшектер;

— жекелеген көлік құралдары;

Жаңа техникалық регламентте, көлік құралдары мен олардың бөлшектерін нарыққа қолданысқа жіберетін талаптар мен рәсімдер, сәйкестікті растайтын құжаттар ретінде: көлік құралдары мен шассиге — түрін мақұлдау, жеке көлік құралдарына – қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәлік, көлік құралдарына қосымша бөлшектеріне – декларация және сәйкестік сертификатымен растау белгіленген. КО 018/2011 техникалық регламенттің №10 қосымшасында, декларациялау мен сертификаттаудың түпнұсқасы, схемалары аталып, растауға жататын 118 нысан көрсетілген. Аталған сәйкестікті растайтын құжаттар КО ТР 018/2011 регламенті талаптары бойынша, Кеден одағына мүше мемлекеттерінің бірінде өңделген жағдайда, кеден одағы аумағының барлығында құзіретті.

Ақпарат ретінде: Кеден одағы мен біртұтас экономикалық кеңістік шеңберінде Кеден одағы комиссиясының 2011 жылдың 9 желтоқсанындағы № 877 шешіміне сәйкес Кеден одағына мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілері бойынша, техникалық реттеу нысанасы болып табылатын өнімдерге жаңа регламент күшіне енген 01.01.2015ж. дейін берілген, сәйкестікті растау жөніндегі құжаттардың қолдану мерзімі 2016жылдың 1 шілдесіне дейін күшінде.

Сонымен қатар, Кеден одағына мүше мемлекеттерде шығарылатын өнімдерге өздерінің нормативтік құқықтық актілері бойынша жаңа техникалық регламент күшіне енбей тұрып қабылданған сәйкестікті растау, бағалау туралы құжаттарына сәйкес 2016 жылдың 1 шілдесіне дейін өндіріле беруіне мүмкіндік беріледі.

Көлік құралдары мен шассилердің түрін мақұлдау, бірыңғай тізілімге еңгізілген Кеден одағының сәйкестікті растау бойынша аккредиттелген органдары мен сынақ зертханаларында, регламент талаптарының орындалуын қадағалау арқылы, тек қана заңды тұлғалар береді. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасынан бірыңғай тізілімнің ұлттық бөліміне, екі сәйкестікті растайтын орган еңгізілді. Сонымен қатар, КО 018/2011 техникалық регламенті бойынша, сәйкестікті растайтын құжаттардың (қауіпсіздік талаптарына сәйкестік туралы куәлік, декларацияны тіркеу, сертификаттау) берілуіне қажетті сынақтар, бірыңғай тізілімнің ұлттық бөліміне еңгізілген зертханалар арқылы өткізіледі. Бұл сала бойынша бүгінде Қазақстанда 21 зертхана тіркелген.

Бұл ретте, Беларусь Республикасында басып шығарылатын бланктың баспаханалық нөмірі «Серия BY», Қазақстан Республикасында – «Серия KZ», Ресей Федерациясында – «Серия RU» белгісін қамтитын болады.

Азаматтардың назарына — Қазақстан Республикасына сонымен қатар Кеден аумағына, сырттан әкелінетін жекеленген көлік құралдарының конструкциялық қауіпсіздігі туралы куәлікті, КО 018/2011 Техникалық регламенті талаптарына сәйкестік туралы баға беру арқылы, аталған сынақ зертханалары береді. Жалпы, сынақ зертханалар мен сәйкестікті растайтын орталықтар туралы ақпарат, аккредитация жөніндегі Органның сайтында орналасқан.www.nca.kz.

Техникалық регламентте көлік құралдарына халықаралық міндеттер мен Кеден одағы мемлекеттері мүшелерінің жол-климаттық жағдайларына сәйкес, көлік құралдарының атқаратын қызметтеріне қарай активті, пассивті және экологиялық қауіпсіздік талаптары жазылған. Және де, көлік құралдарын экологиялық класқа бөлу мен көлік құралдарының белгілемесі (маркировка) бойынша сәйкестендіру мүмкіншілігін қамтамасыз ету қарастырылған.Айта кететіні, жаңа ереже бойынша Кеден одағы мемлекеттері аумағына, оң жақ тұтқалы жүргізу көлік құралдарын кіргізуге тиым салынған.

Қорыта келе, Кеден одағының 018/2011 Техникалық регламентті еңгізу — доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі мүддесінде әрекет ететін автомобиль құрылысын дамытатын Кеден одағы аумағына автокөлік құралдарын алып келу кезінде кеден аумағы ішінде техникалық бөгеттерді алып тастайтын сәйкестілікті растаудың жаңа жүйесін құруға бағытталған.

 

А.Ғ.Нұртаева,

Техникалық реттеу және метрология комитетінің ОҚО бойынша департаментінің жетекші маманы

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика