2024-09-20

15 ҚАЗАНҒА ДЕЙІН ЖАРЫҚШАМДАР ЖАНАДЫ

Құрметті қала тұрғындары!

2020 жылдың басынан бастап Шымкент қаласындағы көшелерге жарықшамдар орнатуға 214 млн.теңге көлемінде қаржы бөлінді. Бұл қаражат ағымдағы жылдың шілде айында толық игерілген.Бұл тұрғыда мердігер мекеме «Ақсемсер-Стройсервис» ЖШС-мен келісім шарт бойынша жұмыс жасалынды. Бөлінген қаржы толық игерілгендіктен, аталған мердігер мекемемен келісім шарт бойынша жұмыс тоқтатылды.

Дегенмен, ағымдағы жылдың 1 қазанында бюджеттік қаражаттың жетіспеушілігін ескере отырып, Шымкент қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы мен «ABM Building 2007» ЖШС арасында меморандумға қол қойылды. Нәтижесінде, мегаполистегі көше жарықтарын орнату және күтіп ұстау жұмыстары тегін жүргізілуде.

Қазіргі уақытта қаланың кейбір көшелерінде түнгі жарықшамдардың қосылмай қалу жағдайы жиі орын алуда. Оның себебі, мердігер мекеме «ABM building 2007» ЖШС-і қаладағы ескірген жарықтандыру желілерін түгендеу бойынша жұмыстар жүргізуде. Яғни, арнайы құралдарды есепке алу, таймерлерді қосу және реттеу, релелік уақытты қалпына келтіру, автоматты стартерлерді ауыстыру жұмыстары атқарылып жатыр. Айта кетерлігі, бұл мәселелер 2020 жылдың 15 қазанына дейін өз шешімін табатын болады

Шымкент қалалық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының фейсбуктегі парақшасы

Яндекс.Метрика