Ардагерлер медициналық тексеруден өтіп жатыр

Шымкенттік ардагерлер  ақ халатты абзал жандардың назарында. Дәрігерлер алдыңғы толқын ағаларды жаппай медициналық тексеруден өткізіп жатыр.
Білікті мамандардан құралған дәрігерлер тобы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйіне арнайы барып, медициналық көмек көрсетуде. Профилактикалық шара кезінде кезінде ақ халаттылар егде жастағыларға медициналық кеңес қана беріп қоймай, диагностикалық тексеру жүргізді.
Ардагерлердің үйінде болған, дәрігерлер құрамында терапевт, хирург, кардиолог, невропатолог, психолог, әлеуметтік көмек көрсететін мамандар бар.
Профилактикалық шара кезінде медицина қызметкерлері ЭКГ, қан сараптамасын алып, тексеру жұмыстарын жүргізуде. Медициналық тексеру қорытындысы бойынша дәрігерлер қарттарға нақты кеңестер беріп, қажетті емдеу шараларын тағайындады.
Айта кетейік, Шымкент қаласы бойынша 4 ҰОС ардагері диспансерлік есепте тұрады. Егде жастағы азаматтар жоспар бойынша жылына екі рет медициналық тексеруден өтіп, көп жағдайда стационар қызметкерлері үй жағдайында медициналық көмек көрсетеді. Мұнан бөлек, денсаулық жағдайына байланысты шипажайға тегін жолдама арқылы сауықтырудан өтіп, қарт кісілерге қажетті дәрі-дәрмектерді медицина мамандары үйіне жеткізіп береді.

Related Posts

Богатое наследние предков в воспитании и образовании

Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика