2023-02-09

Әл-Фараби ауданында жол құрылысы қарқын алған

Spread the love
Шымкент қаласының орталығы саналатын Әл-Фараби ауданында жол құрлысы қарқынды жүргізілуде. Биыл 16,9 шақырымды құрайтын 30 көше орташа жөндеуден өткізілсе, 12,9 шақырымдық 33 көшеге шағал тас төселуде. Қазіргі таңда жұмыстың 80%-ға жуығы орындалды.
Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен кезекті есепті кездесуін өткізген шаһар басшысы М.Әйтенов бұдан да басқа атқарылған істерге тоқталып өтті.
“Ауданда жалпы саны 404 көше бар. Биылға 30 көшені пайдалануға беруді жоспарлағанбыз. 2023-2024 жылдар аралығында 19,6 шақырымды құрайтын 48 көше асфальтталатын болады”,-деді қала басшысы.
Сондай-ақ, аудан бойынша жол саласының күрделі және орташа жөндеу жұмыстары алдағы 2 жылда 100% аяқталатынын жеткізді.
Айта өтейік, Әл-Фараби ауданында былтыр 362 шақырымды құрайтын 5 көше орташа жөндеуден өткізілсе, 13 көшеге шағал тас төселді.
Әл-Фараби ауданындағы 279,5 шақырым жолға асфальт-бетон төселген болса, 19,6 шақырымы шағал тас. Өткен жылы 5 көшеге асфальт, 13 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жылғы жоспар бойынша 16,9 шақырымды құрайтын 30 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі де, 33 көшеге шағал тас төселеді.
2023-2024 жылдарға 48 көшені асфальттауға ұсыныс берілген. Осылайша осы жылы сапалы жолдар үлесі 88 пайызға, 2024 жылы 100 пайыздық көрсеткішке жетеді. Есепті кездесуде аудан әкімі санитарлық тазалық және көгалдандыру жұмыстарының барысы туралы баяндады.

Тазалық жұмыстарын жүргізу үшін аудан 7 секторға бөлінген. Мұнда ішкі орамдық көшелер аптасына 2 рет, 172 қоқыс жәшігі күніне 3 рет, 425 қоқыс жәшігі күніне 2 рет, көп қабатты тұрғын үй аулалары аптасына 4 рет қоқыстан тазартылады. Көгалдандыру және жасыл желектерді күтіп ұстау мақсатында биыл 6 ай көлемінде: 1750 дана ағаш қырқылған, 11 420 ағаш әктелген, 100 413 дана гүл және 3300 ағаш отырғызылған. Жыл соңына дейін 180 мың түп гүл, 8 мың ағаш отырғызу жоспарланған. Айта кетейік, шаһар басшысы жиын соңында тұрғындарды толғандырған өзекті сауалдарға жауап берді.

Яндекс.Метрика