ҮШ МЫҢҒА ЖУЫҚ ХАЛЫҚ ТАЗА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛМАҚ

Түркістан облысы Келес ауданының Ақтөбе ауылдық округіне қарасты Ынтымақ елді мекеніндегі 2 мың 584 тұрғын биыл жыл соңына дейін таза ауыз суды тұтынатын болады. Екі жыл бойына жүргізілген геобарлау жұмыстардың нәтижесінде Ынтымақ ауылының жер астында жеткілікті мөлшерде ауыз су қорының бары анықталып, бүгінде қазу жұмыстары жүргізілуде.

Ауыз су жүйесін тарту құрылысы ағымдағы жылы бастау алды. Құрылысты «Жылу энерго ремон»ЖШС-і жүргізуде. Ауыз су жүйесінің құрылысына 944 миллион теңге бөлінген.

Осыдан үш жыл бұрын өз алдына дербес аудан болып құрылған Келес ауданы ел Тәуелсіздігінің арқасында қайта түлеп жатыр. Ширек ғасырдан астам уақыт Сарыағаш ауданының құрамында болып, дамудан кенже қалған аймақтағы инфрақұрылым жүйелері шетінен жаңаруда. Келестіктер таза ауыз судан тарыққан кездерді де артқа тастады.

Тұрғындарды таза ауыз сумен қамту бойынша 2018 жылдан бері 22 елді мекенге ұзындығы 456,6 шақырым болатын құбыр тартылды. Соның арқасында аймақтағы 83 елді мекеннің 47-і, яғни аудан халқының 60 пайызы таза ауыз тұтынып отыр. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш тағы 21 пайызға артады.

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика