«ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМНІҢ» ЖАҢА БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

«Қоғамдық келісімнің» жаңа басшысы тағайындалды

Шілденің алғашқы күндері «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залында ОҚО әкімі аппаратының қызметкерлері, облыстық этномәдени бірлестіктердің басшылары мен оларға қарасты аналар қауымдастықтарының төрайымдары және жастар қанаттарының басшылары қатысқан жиын өтті. Жиынды ашқан әкім аппараты басшысының орынбасары – облыстық халықтар ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Мұратәлі Қалмұратов мырза әдепкіде қатысушыларға «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жаңадан тағайындалған басшысы Ерлан Байқонақовты таныстырды.



Е.Байқонақовтың есімі көпшілікке өңірімізге еңбегі сіңген азамат ретңнде таныс. Журналист, экономист, дінтану манадықтары бойынша жоғары білікті маман болып табылатын ол, көп жылдар бойы ОҚО ішкі саясат және дін істері басқармасында бөлім бастығы, облыстық мешіттің баспасөз хатшысы т.б. жауапты қызметтерін абыроймен атқарған.

Сондай-ақ кездесу барысында этномәдени бірлестіктерімен бірлескен жұмыстар, жуырда ғана өткізілген облыстық ҚХА кезекті сессиясындағы ұсыныстардың орындалу және іске асырылу барысы, «Қоғамдық келісім» КММ–нің алдағы жұмыс жоспарлары мен басқа да мәселелер талқыланды. Естеріңізге сала кетейік, ОҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім»КММ мен «С.Сейфуллин атындағы халықтар достығы үйі» мемлекеттік мекемесін қосу арқылы қайта құрылып, жұмыстар жүргізілуде.

 

Ә. Әбішқызы 

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика