БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ ОҚУЛЫҚТАРДЫҢ САЛМАҒЫН ЖЕҢІЛДЕТПЕК

tories/68775951_1_644x461_knigi-i-propisi-na-zakaz-arman-pv-i-almaty-kitap-kostanay.jpg» width=»250″ height=»193″ alt=»68775951_1_644x461_knigi-i-propisi-na-zakaz-arman-pv-i-almaty-kitap-kostanay» style=»float: right;» />

       Білім және ғылым министрлігі қазақстандық оқушыларға арналған оқулықтардың салмағын азайтуға бағытталған шаралар қабылдауды жалғастырмақ.
        «Оқулықтардың салмағын азайту үшін қазіргі кезде электрондық қосымшасымен жұмсақ жылтыр парақты отандық оқулықтар әзірленіп, шығарылуда. Оқулықтарды жарты жылға немесе бір тоқсанға есептеліп бөлімдер бойынша басып шығару жұмысы жүргізілуде», — деп Білім және ғылым министрінің орынбасары Есенғазы Иманғалиев бүгін мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетнің көшпелі отырысында атап көрсетті.
       Республиканың жалпы білім беретін мектептеріне арналған оқулықтардың салмағы бойынша санитарлық-гигиеналық нормалары Ресей, Беларусь, Украинаның нормаларына сәйкес келеді. Бастауыш сыныптар үшін – 300 грамм, 5-6 сыныптар үшін – 400 грамм, 7-9 сыныптар үшін – 500 грамм.
       Білім министрлігінің мәліметі бойынша, Англия мен Сингапурде оқулықтың салмағы 1-4 сыныптар үшін 185-240 грам, 5-8 сыныптар үшін – 400 грамм, 9-12 сыныптар үшін – 265 грамға жетеді.
       «Білім министрлігінің 2013 жылғы 7 наурыздағы N97 жаңа мазмұндағы таларқа сәйкес келтіру мақсатында мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі, орта, жалпы орта, техникалық, кәсіби білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде жұмыс жүргізілуде», — дейді ол.
Сонымен қатар, отандық авторлар мен оқулық шығаратын баспалардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін халіқаралық баспалар мен білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық жүзеге асырылады.
  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика