ЖАҢАРҒАН ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ПЕН ЖАП-ЖАҢА АЯЛДАМАЛАР

Шымкентте қоғамдық көлік жаңа автобустармен толығып, аялдамалар салынады. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне өткізілген баспасөз турында мәлім болды. Жуырда Шымкентте қоғамдық көлік сапасын жақсарту мақсатында жаңа жүйе қабылданды. Соның нәтижесінде көлік саласындағы түйткілді мәселелер рет-ретімен шешімін таппақ.

— Төлем карталары тамыз айынан бастап, 500 теңгеден сауда орталықтары мен дүкендерде сатыла бастайды. Қаламызға жыл аяғына дейін 590 автобус әкелінеді деп жоспарланып отыр. Сол кезде шымкенттіктер сығылысып, мініп-түсіп жүрген шағын әрі ескі автобустар біртіндеп айналымнан шығарылады,-деді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қоғамдық көлік бөлімінің басшысы Наурыз Сүгірәлиев.

Жаңа экологиялық таза автобустар 26 орындыққа арналған, жолаушыларға жайлы. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да ыңғайлы. Ал, 14 мың дана тегін төлем карталары «Ұлы Отан соғысының» ардагерлері, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иелері, мүмкіндігі шектеулі жандарға беріледі. Сонымен қатар, 11 жоғары және арнаулы оқу орындарындағы студенттерге карта берілмек.

БАҚ өкілдері баспасөз турында салынған жаңа аялдамалармен танысты. Алдағы уақытта үшінші мегаполисте 260 аялдама салынады. Екі түрлі аялдамалардан шағын аялдама 900 мың теңге болса, үлкені 2 миллион теңгеге жуық. Бұл аялдамалардың бір ерекшелігі – әйнектері төзімді екен. Бұрын ені 60 см еді, қазіргі қойылатын аялдама 40 см-ге қысқарды. Жүргізілген сараптама нәтижесінде 1200 қоғамдық көлік аялдамасы қажет екені белгілі болды, олар әсіресе шалғай шағынаудандарда. Бұл мәселе алдағы 4-5 жылда кезең-кезеңімен шешімін таппақ.

Сондай-ақ, баспасөз турында журналистер Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховпен бейресми форматта кездесті. Әкім орынбасары БАҚ өкілдерінің көкейтесті сауалдарына жауап беріп, салада атқарылып жатқан жұмыстарды кеңінен түсіндірді. М. Исаховтың айтуынша, қаладағы қазіргі 17 маршрут жабылып, 14 жаңа бағыт ашылады екен.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика