2024-07-27

СҮТ ӨНІМДЕРІНІҢ САПАСЫН СТАТИСТИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ӘДІСІ

tom: 0.0001pt; text-align: center; text-indent: 35.45pt; line-height: normal;»>Сүт өнімдерінің сапасын статистикалық реттеу әдісі

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 35.45pt; line-height: normal;»>Барлық статистикалық әдістер нақты уақыт мезетінде процесс жағдайын жазып алуға мүмкіндік береді. Оларға қарағанда бақылау карталары процестің жағдайын уақытылы бақылап отыруға, сондай-ақ процесс бақылаудан шықпас бұрын да әрекет ете алады.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 35.45pt; line-height: normal;»>Бақылау карталары – процестің өту жолын бақылайтын және оған әрекет ететін (сәйкес кері байланыс көмегімен), процесс талаптарына ұсынатын оның ауытқуларынан ескертуге мүмкіндік беретін құрал.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 35.45pt; line-height: normal;»>Бақылау карталарын қолдану келесі мақсаттарды көздейді:

  • белгілі сипаттамалардың мәнін бақылауда ұстау;
  • процестің тұрақтылығын тексеру;
  • тез арада түзету шараларын жүргізу;
  • қабылданған шаралардың тиімділігін тексеру.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 35.45pt; line-height: normal;»>Алайда, жоғарыда айтылып кеткен мақсаттар әрекет етіп отырған процесс үшін ерекше болып табылады. Процесті іске қосу периодында бақылау картасы процесс мүмкіндігін тексеру, яғни оның бекітілген шектерде тұрақты төзу мүмкіндігін үшін қолданады.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 35.45pt; line-height: normal;»>Процесті реттеудің екі түрі бар: сандық (өлшеуге келетін) сипаты бойынша және альтернативті (сапалық) сипаты бойынша.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 35.45pt; line-height: normal;»>Сандық сипаты бойынша реттеу (немесе бақылау) өнімнің жеке өкілдерінің (таңдама) бақыланатын параметрдің дұрыс мәнінің қажетті дәлділігін анықтауда жасалады. Сосын параметрдің дұрыс мәндері бойынша процестің статистикалық сипаттамаларын анықтап және ол бойынша оның жағдайы туралы шешім қабылданады. Мұндай сипаттамалар болып табылады: орташа таңдама, медиана, құлаш және квадраттық ауытқу орташа таңдама. Бастапқы екі сипаттама–сипаттама жағдайы, ал соңғы екеуі–кездейсоқ Х шамасының шашырау сипаттамасы.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 35.45pt; line-height: normal;»>Альтернативті сипаты бойынша реттеу (немесе бақылау) бекітілген талаптарға өнім бірлігі немесе бақыланатын параметрлердің сәйкестігін анықтауда болады. Сонымен бірге бекітілген талаптарға әр жеке сәйкессіздік ақау деп есептеледі, ал бір ғана ақауы бар өнім бірлігі ол да ақаулы деп есептеледі. Альтернативті сипаты бойынша бақылау кезінде бақыланатын параметрдің дұрыс мәнін білу міндетті емес, тек оның бекітілген талаптарға сәйкестік немесе сәйкессіздік фактісін орнату ғана жеткілікті. Технологиялық процестің жағдайы туралы шешімі таңдама кезінде анықталған өнім бірлігінің ақау саны немесе ақау санына тәуелді қабылданады.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 35.45pt; line-height: normal;»>Аталып кеткен реттеу (бақылау) тәсілдерінің әр қайсысы өзіндік кемшіліктер мен артықшылықтарға ие. Сандық сипаты бойынша реттеудің (бақылау) артықшылығы оның ақпараттылығында және сондықтан да ол сынама көлемін аз қажет етеді. Бірақ мұндай бақылау өте қымбат, себебі ол үшін бақыланатын параметрдің нақты дұрыс мәнін жеткілікті көлемде алуға мүмкіндік беретін техникалық құрал-жабдықтар қажет. Сонымен қатар, сандық белгі бойынша бақылау кезінде статистикалық реттеу үшін статистикалық сипаттамаларды анықтаумен байланысты (кейде күрделі) есептер қажет.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 35.45pt; line-height: normal;»>Альтернативті сипаты бойынша бақылаудың артықшылығы оның қарапайымдылығы мен салыстырмалы арзандығында. Себебі көзбен шолып бақылау немесе тіптен бақылаудың қарапайым құралдарын қолдануға болады. Мұндай бақылаудың кемшілігіне тең бастапқы деректер кезінде үлкен таңдама көлемінқажет етеін ақпараттылықтың аздығы жатады.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 35.45pt; line-height: normal;»>Қазіргі уақытта технологиялық процестерді статистикалық реттеу бірнеше әдістері бар. Солардың ішінен тиімді және ең көп тараған түрі– бақылау карталарын қолдану әдістері (Шухарт картасы). Бұл карталарда статистикалық деректер негізінде есептелген шектік мәндер аясын шектейтін реттеу шектері белгіленеді. Реттеу шекарасынан шыққан нүкте (немесе сол шекарада пайда болған нүкте) технологиялық процестегі жанжал туралы сигнал болып табылады. Бақылау карталары процеске қалыпты жүруден қандай да бір ауытқуды анықтап қана қоймай, сондай-ақ оның ауытқу себептерін айтарлықтай анықтауға мүмкіндік береді.

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 35.45pt; line-height: normal;»> 

tom: 0.0001pt; text-align: right; text-indent: 35.45pt; line-height: normal;»>Б.Башаев

tom: 0.0001pt; text-align: right; text-indent: 35.45pt; line-height: normal;»>Техникалық реттеу және метрология комитетінің ОҚО бойынша департаментінің бас маманы 

Яндекс.Метрика