МҰРАТ ӘЙТЕНОВ «ЫНТЫМАҚ-2» ШАҒЫНАУДАНЫНА БАРДЫ

Шымкенттегі «Ынтымақ-2» шағынауданының тарихында ерекше жаңалық. Олай дейтін себебіміз, аталған шағынауданға бірінші рет қала әкімі барды.

10-ақпан күні түске таяу шағынауданда абыр-сабыр пайда болып, сенбілік секілді тазалау жұмыстары басталды. Қымбат көлік мінгендер тазартушылардың жұмыстарын бақылап, айналма жолдың бас жағына шатыр тігіліп, шағынауданның картасы орнатылды. Жол бойындағы кейбір үйлердің де аулалары тазартылды. Яғни, шағынауданда құдды бір Президент келетін сапар қарсаңындағыдай жұмыстар атқарылды. Кейіннен шағынауданға қала әкімі Мұрат Әйтенов келді. Ол «Ынтымақ-2» шағынауданында атқарылып жатқан инфрақұрылым жұмыстарымен танысып, бұл бағытта жүзеге асып жатқан тірліктердің өз назарында болатынын айтқан. «Ынтымақ-2» шағынауданында жүргізіліп жатқан су жүйесі құрылысы тамыз айында аяқталмақ.

Жалпы, Абай ауданы аумағындағы бірқатар шағынаудандарда инфақұрылым жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. Ауыз су жүйесінің жоба құны – 1 199,6 млн теңге. Мердігер «Компания Ахмет» ЖШС құрылысты былтыр мамыр айында бастаған болатын. Жақында аудан әкімінің қорытынды есебінде де тұрғындар өз мәселелерін жеткізген болатын.

Қала әкімі мердігер компания өкілдеріне жұмысты сапалы орындауды және уақытында аяқтауды міндеттеді.

Аудан бойынша 34 елдімекеннің 22-і сапалы ауыз сумен қамтылған. Ауданда 4 елдімекеннің – Жаңаталап, Ынтымақ-2, Жаңа Тұрлан, Солтүстік саяжайда құрылыс жұмыстары 2021 жылы аяқталып, жалпы 25 мыңға жуық тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылады.
Сонымен бірге, шағынауданда 2021 жылы электр желісі мен табиғи газ жүйесінің құрылысы жүргізілмек.

Сабыржан БАЙБОСЫНОВ

Фото: Береке СЕЙІТЖАППАР

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика