Шымкент қаласында ұлттық әшекей және зергерлік бұйымдардың жәрмеңкесі өтуде. Көрмеге қалалық зергерлік дүкендер мен қолөнер шеберлері өз бұйымдарын нарықтағы бағадан әлде-қайда төмендетіп, сатылымға шығарды. Сонымен қатар, Жамбыл ауданы мен Тараз, Нұр-Сұлтан қалаларынан келген зергерлік дүкендер де көрмеге айрықша сән беріп тұр.
Жәрмеңкені ұйымдастырудағы басты мақсат- ұлттық бұйымдарды кеңінен насихаттау және қолөнер шеберлеріне қолдау көрсету. Қонақтарға арнайы жеңілдіктер де қарастырылған. Мәселен, тегін лото ойыны арқылы бұйымдарды 30-50%-ға дейінгі жеңілдіктерді жеңіп алу мүмкіндігі бар. Бұл туралы Шымкент қалалық Мемлекеттік сатып алулар жөніндегі маман Желдібаев Алмас хабарлады.
Зергерлік бұйымдардың жәрмеңкесі Ұлттық мереке – Әз-Наурызға дайындық жүргізуге, жақындарыңызды қуантуға таптырмайтын мүмкіндік. Көрме 13-ақпанға дейін жалғасады. Келіп, қолөнер шеберлерінің өнеріне баға берсеңіз болады.
Материалды дайындаған Ақбөпе ЕРГЕШ
Leave a Reply