ФЕРМЕРЛЕР СЕМЕЙДЕ ШЫҒАРЫЛҒАН ТЕХНИКАНЫ ПАЙДАЛАНАДЫ

tories/157.jpg» width=»250″ height=»188″ alt=»157″ style=»float: right;» />

       Отандық фермерлер егіс науқанын ойдағыдай жүзеге асыру үшін «ҚазАгроҚаржы» АҚ-на 1365 дана техникаға тапсырыс берді. Бұл жайында компанияның баспасөз қызметі хабарлап отыр. 
       Көктемгі егіс жұмыстарына дайындық шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» компаниясына жалпы сомасы 13 млрд. теңгеге 1365 бірлік техника сатып алуға өтінім келіп түскен. Бүгінгі таңда шаруалармен жалпы құны 3 664 млн. теңгеге 479 бірлік егіс техникасын сатып алуға қаржы лизингі шарттары жасалып та қойған, тағы да 886 бірлік техникаға тапсырылған өтінімдер компанияның несие комитетінде қаралу үстінде екен. 
       Көпшілікке белгілі техникалардың арасында, тракторлар мен тұқым сепкіштерден басқа, тырма, соқа, пішен тайлаушы, қопсытқыш, дестелегіш және т.б. техника түрлері бар. 
       «Көктемгі егіс жұмыстары шеңберінде диқандардың сатып алатын техникаларының көпшілігі қазақстандық зауыттардың жасап шығарған техникалары, атап айтқанда, ең әйгілі үлгілерінің бірі Семейдегі «СемАз» автоқұрастыру зауытында құрастырылған «Белорус» тракторы екенін айтып кеткен жөн. Өз алдына, техникаға арналған аспалы жабдықтар тек АҚШ-тан ғана емес, сонымен қатар, Ресейден, Белоруссиядан, Украинадан, Канададан, Германиядан да сатылып алынады», – делінген хабарламада. 
        Айта кетейік, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау мақсатында, 2013 жылдан бастап «ҚазАгроҚаржы» АҚ ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға арналған алғашқы төлемді 25%-дан 15%-ға төмендетті. 2014 жылдың көктемгі егіс жұмыстарына дайындалу шеңберінде кепілзатпен қамтамасыз етумен бірге алғы төлем де лизинг заты құнының 15 %н құрайды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика