ОБЛЫСТЫҚ СОТТА АЙМАҚТЫҚ СЕМИНАР БАСТАЛДЫ

tories/1358419443-578.jpg» width=»210″ height=»128″ alt=»1358419443-578″ style=»float: right;» />

       Оңтүстік  Қазақстан облыстық сотында «Жаңа Азаматтық іс жүргізу кодексінің жобасын талқылауға» арналған екі күндік аймақтық семинар өз жұмысын бастады. Аймақтық семинарға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Алматы қалалық, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстық соттарының және ҚР Әскери сотының судьялары мен прокуратура, адвокатура, әділет органдары мен қоғамдық ұйымдар және БАҚ өкілдері қатысуда.
       Жиынды Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Н.Шәріпов ашып, ҚР Жоғарғы Сотының азаматтық және әкімшілік істер бойынша қадағалау сот алқасының судьясы Б.Мақұлбеков кіріспе сөз сөйледі.
       Аймақтық семинарда Алматы облыстық сотының судьясы Р.Батырханов, Алматы облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы М.Тоқтағұлова, мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы М.Тәңірбергенов және Алматы облысының Ескелді аудандық сотының судьясы Қ.Иманханов баяндамалар жасады. Аймақтық семинарда жаңа Азаматтық іс жүргізу кодексінің жобасын қызу талқылау одан әрі жалғасуда.
   
         Қабыл ДҮЙСЕНБИ, ОҚО сотының баспасөз хатшысы

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика