2024-07-27

Төлебиде 35 туристік демалыс орны бар немесе миллиардтар құйылған сала жемісін бере бастады

tories/434_6bdc9867add7a4dfe7e16cd246534be5.jpg» border=»0″ width=»267″ height=»182″ align=»left» />Төлеби ауданы Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласының шығысындағы Алатау жоталары мен Жабағылы тау, Балдыберек, Бұғылытау болып тізбектеле келіп Талас Алатауының батыс сілемдерін құрайтын жерде орналасқан.

Ауданның батыс бөлігі біршама тегіс алқаптардан басталып, шығысында Оңтүстік Қазақстан облысындағы теңіз деңгейінен есептегендегі ең биік абсолюттік нүкте Сайрам шыңына дейін көтеріледі. Оның биіктігі 4238 метр, ал Қазығұрт тауының ең биік нүктесі 1768 метр.  Аудан территориясы көршілес Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттерімен шектеседі.

Төлеби ауданы Қазақстан Республикасының шырайлы жерлерінің бірі болып есептеледі. Әлемге әйгілі Ақсу-Жабағлы қорығының 99474 гектары Төлеби ауданының аумағында. Табиғаты шұрайлы ауданымызда еліміздің экономикасын жақсартуға арналған туристік инфрақұрылымды дамытуға арналған көрікті мекендер көп. Бірінші кезекте келушілердің қызығушылығын тудыратын «Алатау» тау шаңғысы базасы, «Таусамалы», «Біркөлік» демалыс аймағы, «Айна бұлақ», «EkoVillaige Kaskasy»,   «Красные скалы», «Нұрлы аймақ», «Жерұйық», «Байқоңыр» және «Ақ мешіт» шатқалдарындағы демалыс аймақтары ауданымыздың әлеуметтік – экономикалық жағдайының жақсаруына жол ашатын басты структура болып табылады. Сондай-ақ аудан бюджетіне қомақты қаржы түсіретін негізгі сала және отандық туризм саласын жан-жақты дамытуға мүмкіндіктер мол.               

Ауданда 30-дан аса тарихи-археологиялық объектілер бар. Онда сақ заманының қорғандары, орта ғасырлық қалашықтардың орындары және халық арасында аты аңызға айналған тарихи маңызы бар «Жылақ ата», «Ғайып Ерен Қырық Шілтен», «Нұр ата», «Ақ мешіт» секілді көпшілік мінажат ететін әулие орындары бар. Әсіресе Әнгірата ауылындағы аты аңызға айналған «Ғайып Ерен Қырық Шілтен» әулиесіне республикамыздың түпкір-түпкірінен келіп мінәжәт ететін адамдар саны өте көп.

Аудан аумағында тау шаңғы туризмін дамыту мақсатында 2003 жылдан бері «Алатау» тау шаңғы базасы жұмыс атқарады. Тау шаңғы базасы аудан орталығы Ленгір қаласынан 25 шақырым қашықтықта Батыс Тянь-Шань тауының етегінде «Тау Самалы» шатқалында орналасқан. Тау шаңғысы жолының ұзындығы 1300 метрге созылған. Қыс мезгілінде демалушыларға тау шаңғы, тауда жүретін шаңғылы көлік және тағы басқа қысқы демалу қызметтерін көрсетеді. Бір мезетте 1300 адамға дейін қызмет көрсету мүмкіндігі бар. Базада көктем, жаз айларында демалушылар үшін атпен және балаларға арналған  ат арбамен серуендету маршруттары жасалынған. Сонымен қатар Қасқасу тау шатқалынан  «Қасқасу» тау шаңғысы демалыс аймағын салу үшін Үкімет арнайы қаулы қабылдап, құрылыс жұмыстарын жүргізуге 56,8 гектар жер бөлінді. 2011 жылға республикалық бюджеттен 103 млн 516 мың теңге қаражат бөлініп, «Арна Проект» ЖШС-гі арқылы инженерлік-коммуникациялық жүйелерін жүргізу жұмыстары жүргізілді. 2012 жылғы иженерлік-коммуникациялық жұмыстарын жалғасытру үшін қосымша 3 млд 800 мың теңге бөлініп отыр қыркүйек айынан бастап жұмыстар жүргізіледі. Аталған нысанның құрылыс жұмыстарын жүргізу әр кезең бойынша  2017 жылға дейін жоспарланған. Бұл жоба іске асқан жағдайда аудан және облысымызда тау шаңғы туризмін дамытуға мол мүмкіндіктер туатыны анық.

Ауданымызға жыл сайын шет елдерден 1300-ге жуық туристер келеді. Келуші туристерді негізінен ауданның табиғаты мен қазақтың салт-дәстүрлері мен қонақжайлылығы қатты қызықтырады. 

Туристерге ауданның көркем де көрікті жерлерін көрсетіп, сапалы демалыс ұйымдастыру арқылы бюджетті толықтыруға мүмкіншілігіміз мол. Бұл саланы дамыту мақсатында 2011 жылы аудан аумағында жалпы құны            2 млрд 165 млн теңгені құрайтын 7 жоба іске асырылды.

Атап айтқанда: 7 жеке кәсіпкер демалыс аймағында орналасқан ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізіп (45-50 млн теңге), демалушыларға қызмет көрсете бастады.

— 40 демалушыға қызмет көрсететін 300 млн теңгелік Қасқасу шатқалындағы «EkoVillaige Kaskasy» үлкен демалыс орны ашылып, қызмет көрсетуде. 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.  

— 30 демалушыға қызмет көрсететін 100 млн теңгелік Ақмешіт шатқалындағы «Красные скалы» демалыс орны ашылып, қызмет көрсетуде. 20 адамға жұмыс орны ашылды.

— құны 450 млн теңгелік Нысанбек елді мекеніндегі «Алатау» шаңғы базасы аумағында «Береке-А» корпарациясы жеке қаражаты есебінен «Таусамалы» демалыс аймағының құрылыс жұмыстарын аяқтап, 2011 жылы маусым айында іске қосты.

-Сайрам-су шатқалында орналасқан «Альтекс» демалыс аймағында        «East West company Ltd» ЖШС-гі жеке қаражаты есебінен құны 1 млд 500 мың теңгелік демалыс орнының (6 ғимарат) құрылысы аяқталды. Нысан  маусым айында іске қосылды. Осы демалыс аймағына баратын 19 шақырым жолға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл өз тарапынан осы аумақта демалыс орнындарының ашылуына ықпалын тигізеді. 20 адамға жұмыс орны ашылды.

 Сонымен қатар 150 млн теңгелік 3 жобаның («Көктөбе», «Нұрлы аймақ», «Байқоңыр» демалыс орындары) құрылыс жұмыстары аяқталуда. 

Туризм саласында ауданда 35 туристік демалыс орындары демалушыларды қабылдауда. 2011 жылы іске қосылғаны –      10 нысан. 2010 жылмен  салыстырғанда 40 пайызға өскен.

Межеленген  жаңа жұмыс орнын ашу – 45 болса, нақты ашылғаны — 110, меже  2 есе артығымен орындалды. 

Туристерге ауданның көркем де көрікті жерлерін көрсетіп, сапалы демалыс ұйымдастыру арқылы бюджетті толықтыруға мүмкіншілігіміз мол. Бұл саланы дамыту мақсатында 2012 жылы аудан аумағында жалпы құны   1 млд 437 млн теңгені құрайтын 4 жоба іске асырылуда.

Атап айтқанда: — 50 демалушыға қызмет көрсететін 300 млн теңгелік Керегетас ауылындағы Науытсай  шатқалынан «Алтын дән» үлкен демалыс аймағының құрылысы аяқталды. 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.  

Сонымен қатар Ақмешіт ауылынан бір уақытта 100 адамға қызмет көрсететін құны 600 млн теңгелік  «Жерұйық» демалыс аймағының құрылысы аяқталып іске қосылды. 20 адам жұмыспен қамтылған.

-Қасқасу ауылындағы Эковилладж демалыс аймағы жанынан құны 37 млн теңгелік 100 адамға арналған мейрамхананың құрылысы аяқталып іске қосылды. 10 адамға жұмыс орны ашылған. 

-Нысанбек ауылындағы «Таусамалы» демалыс аймағы жанынан қосымша 500 млн теңгеге 60 адамға арналған емдік сауықтыру орталығы мен мейрамхананың  құрылысы жүргізілуде.

Тау шаңғысы базасы бар ауданның бұқаралық спортқа деген құлшынысы ерекше

Бүгінде жергілікті  билік жұмысының салалы  бір бөлігі халықтың денсаулығы мен жай-күйін жақсартуға бағытталған. Жоғарыдан пәрмен бар соның арқасында  жер-жердегі бұқаралық спортқа дәрмен кіре бастаған. Елді сауықтыру іс-шараларының күнтізбелік жоспары жасалып, оның жүзеге асырылуы  бақылауда тұрады.

Шымкенттің іргесіндегі Төлеби ауданында бүгінгде 308 спорттық нысандар жұмыс істеп тұр. Соның ішінде:1-«Жастық» стадионы,1-тау шаңғы базасы,  2-жүзу бассейіні,1- «Бәйшешек» оқу жаттығу орталығы, 44-спорт залдар, 1-мектептік спорттық комплекс, 8-мылтық ату тирлері,   236-ашық спорттық ойын  алаңдары,  13-бейімделген спорт залдар бар.

Өткен жылы облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан көлемінде қаражатты қажет етпейтін 25 қарапайым ашық спорт алаңдары демеушілер тарту арқылы салынып іске қосылды. Биылғы жылы  жергілікті жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында демеушілер есебінен шалғай елді мекендерде қосымша 10 қарапайым ашық спорт алаңдарын салу жоспарланса оның қазіргі таңда Тасарық ауылында 1 футбол,Тоғыс ауылында заманауи үлгідегі жабық 1 кіші футбол, Ленгер қаласындағы №4 Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектебі жанынан 1 кіші футбол, 1 баскетбол, Қасқасу ауылында 1 кіші футбол жалпы барлығы 5 спорт алаңдары демеушілер есебінен салынып іске қосылды.

 Бұл өз кезегінде жергілікті тұрғындар арасында түрлі спорттық бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру арқылы дене тәрбиесімен тұрақты шұғылданушылар санын арттыруға мүмкіндік туғызып отыр. Мәліметтер былай дейді: Өткен жылы аудан көлемінде спортпен тұрақты шұғылданушылар саны 22000 адамға жетіпті, бұл жалпы аудан тұрғындарының  17,3 пайызын құрайды. Ал, 2012 жылдың 10 айында спортпен шұғылданушылар саны 23787 адам болып халықтың 18,5 пайызын құрап отыр.Енді бұл мәліметтердің қайдан шыққанын дәйектеп көрейік.

Биыл қаңтар-маусым айлары аралығында нашақорлықтың алдын алу мақсатында ауданда спорттың 10 түрінен мектеп оқушылары арасындағы аудандық спартакиада ұйымдастырылып өткізілді. Сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлер арасындағы спартакиадалар және аудан тұрғындары арасында жас ерекшеліктеріне қарай дәстүрлі кешенді жарыстар, жастар арасында стол теннисі, бокс, самбо, дзюдо, жеңіл атлетика, волейбол, баскетбол, футбол, еркін күрес, шахмат, тоғызқұмалақ спорт түрлері бойынша аудандық біріншіліктер және аудандағы зағиптар арасындағы шахматтан аудан біріншілігі, аудан көлеміндегі мүгедек балаларға арналған мектеп интернаттары оқушылары арасындағы спорт түрлері бойынша кешенді спартакиадалар өз деңгейінде өткізілді.

Сондай-ақ, аудандағы ардагер, зейнеткерлер арасында шахмат, бильярд сияқты спорт түрлері бойынша аудандық біріншіліктер ұйымдастырылды.

Облыс көлеміндегі спорт мектептері арасындағы 7 спорт түрінен өткізілген спартакиадада аудан спортшылары командалық есепте дзюдо күресінен және баскетболдан  І-орындарды иеленді. Басқада бокс, үстел тенисі, тоғызқұмалақ, еркін күрес  спорт түрлері бойынша үздік үштіктен көрінді.

Аудан тұрғындарының дене шынықтыру дайындығына Президенттік сынамаларды тапсыру бойынша 2012 жылдың І-жарты жылдығында жалпы саны 6700 адам қатысты. Оның 4970-ы ауылдықтар. Ауданда 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі бар. Аудандық және қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде шәкірттер спорттың бокс, еркін күрес, қазақ күресі, самбо, кик-бокс, дзюдо, шахмат, тоғызқұмалақ, стол теннисі, жеңіл атлетика, футбол, баскетбол, волейбол   түрлері бойынша  білім алады. Бұл мектептерде 77— кәсіби жаттықтырушы-мамандар 2530 оқушыға жаттығу сабақтарын береді. Аудан көлемінде 24000 мыңға жуық мектеп оқушылары болатын болса оның ішінде 2012 жылы жүйелі түрде спортпен шұғылданып, спорттық үйірмелер мен қызығушылық клубтарына қатысушылардың саны 11325 бала болған бұл 2011 жылмен салыстырғанда 300 балаға артық.

2012 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында аудан спортшылары халықаралық жарыстарда 15 алтын, 18 күміс, 24 қола, республикалық жарыстарда 14 алтын, 26 күміс, 25 қола, облыстық жарыстарда 40 алтын, 43 күміс, 83 қола медалдарға ие болды. Бұл енді нәтиже.

 М.Тілеубердиев

Төлеби аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы,

«Қызмет» ақпарат.

{jcomments on}

 

Яндекс.Метрика