Шымкенттегі №1 Қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері халыққа есеп берді

Шымкент қалалық №1қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Донбай Абылай Абдужаппарұлы медициналық мекеменің 9 айында атқарылған жұмыстары бойынша халық алдында есеп берді. №52 мектепте өткен есепті жиынға емханаға қарасты елді мекендердің тұрғындары қатысты.
Бас дәрігердің мәліметтеріне сүйенсек, аурухана тұрғындарға қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсетіп келеді. Мекеме жаңа медициналық құрылғылармен жабдықталып, науқастарды қолдау жұмысы күшейтілді. Осы кезге дейін ақпарат алу орталығы, фронт-кеңсе ашылды. Онда науқастардың жақындары үшін барлық жағдай жасалған. Яғни туысының жағдайын білуге жол ашық. Мысалы QR-код,  менеджерлер кез келген сұрағыңызға жауап береді. Аурухана қызметкерлері жұмыстардың нәтижесінде үлкен жетістіктерге қол жеткізген. Емдеу ісіне біршама технологиялар енгізіліпті.  Келушілерге барлық жағдайлар жасалды: күту залы,жұмсақ дивандар , сү ішуге арналған куллер қойлыған.
Сонымен қатар, биыл  тоғыз айда мекеменің кадрмен қамтамасыз етілуі, мамандардың біліктілігін арттыру шаралары жүргізілген. Жаңа аппараттармен толығып, бұрын соңды үшінші мегаполисте жасалмаған оталар жасалып, жайлы орта қалыптасқан. Күндізгі стационардың жұмысы жайында толық мәлімет беріп, алда атқарылатын жоспарлармен бөлісті. Сыбайластыққа жол бермеу, халықпен ашық жүйеде жұмыс жасауда бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Жиын соңында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Атқарылған жұмыстарды тыңдаған тұрғындар ризашылықтарын білдіріп, қариялар ақ батасын берді.

Related Posts

Богатое наследние предков в воспитании и образовании

Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика