2023-02-09

Кәсіподақтар форумында шымкенттіктердің де еңбегі бағаланды

Spread the love
«10 қазан – Қазақстан кәсіподақтары күніне» орай, Астана қаласында өткен Кәсіподақтар федерациясының ынтымақтастық форумында Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы құқықтық және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Әсембекова Раушан Әсілбекқызының мерейі үстем болды.  Кеудесіне «Кәсіподақтағы белсенді жұмысы үшін» медалі тағылды.
Әсембекова Раушан Әсілбекқызы мемлекеттік қызмет саласындағы еңбек жолын 2003 жылдың желтоқсан айында Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы бойынша салық комитеті ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығы заңды тұлғалардың ақпаратын қабылдау және өңдеу секторының маманы — салық инспекторы лауазымынан бастаған.
2007 жылдың сәуір айынан 2009 жылдың қараша айы аралығына Шымкент қаласы бойынша салық басқармасында, 2009 жылдың қараша айынан бастап 2015 жылдың мамыр айы аралығында Абай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы ішкі жұмыс бөлімінің бас маманы лауазымын атқарған. 2015 жылдың мамыр айынан бастап Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында қызмет атқарып келеді және бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы қоғамдық қызметін атқарады.
Өзіне бекітілген лауазымдық нұсқаулығына сәйкес, басқармадағы бос орындарға өткізілетін конкурстар бойынша керекті іс-шараларды, басқарма қызметкерлеріне қатысты шығарылған бұйрықтарды, өзгерістерді «Е-Минфин» бағдарламасына уақытылы енгізу, кадр жұмысы бойынша есептіліктерді, сонымен қатар басқарма қызметкерлерінің қызметін жылдық бағалаудың дайындығы мен оның тиісті дәрежеде өткізілуін ұйымдастырып, Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің орталықтандырылған хаттамалық тапсырмаларын орындау жұмыстарын атқарады.
Сонымен бірге 7 жыл бойында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы ретінде кәсіподақ қозғалысын дамытуға сүбелі үлес қосып келеді.  Кәсіподақ жұмыстарын және іс-шараларын өткен жылы жоғары жауапкешілікпен атқарып, әлеуметтік қолдаулар бойынша жалпы 1,0 млн. теңгенің көмегін көрсетуге қол жеткізіп, 12 кәсіподақ мүшесіне тегін жолдама берген үздік бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы.
Сіңірген еңбектері ескеріліп, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төсбелгісімен, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің «Құрмет грамотасымен», «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің және Шымкент қалалық филиалының «2021 жылдың үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» байқауының жеңімпазы дипломдарымен және ақшалай сыйлығымен, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Құрмет грамотасымен», Шымкент қалалық маслихатының «Құрмет грамотасымен» марапатталған.
Яндекс.Метрика