2023-02-09

Көкбұлақ елді мекеніндегі өзекті мәселелер шешімін тапты

Spread the love

Көкбұлақтағы өзекті мәселелер шешемін тауып келеді. Әр жиында таза ауыз су, жарық, табиғи газ сұрайтын ауылдықтар атқарылып жатқан әр тірлікке мәз.  Қазір  елдімекенде инфрақұрылым жүйелерімен қамту жұмыстары жанданып, құрылыс  қарқын алған.  

Былтыр Көкбұлақ елді мекенінде толық оптика желісі тартылып, интернетпен қамтылған. Тұрғын алапта желімен  мәселе жоқ. Сондай-ақ, өткен жылы тұрғындар ауыз су қамтылып, сапалы жарық жақты. Ал көгілдір отынға қол жеткізетін күн жақын. Осы  жылдың ІІІ тоқсанында газбен  қамтылатын болады, құрылыстың 90 пайызы атқарылған.

Көкбұлақ елді мекенінде 2 390 тұрғын бар. Инфрақұрылыммен толық қамтылудан бөлек, мұндағы тағы бір мәселе – жолды асфальттау болатын. Тұрғын алаптағы Ағыбек ата, Үркінбай ата, Жомарт ата көшелеріне асфальт төсеу келер жылдың еншісіне қалып отыр. Ал 2024 жылы Маңлай ата мен Жангелді батыр көшелері асфальтталатын болады.

Қазіргі таңда 9 көшенің бесеуіне тас төселсе, төртеуі асфальтталды. Жалпы былтыр 6 шақырымға шағал тас төселген. Осылайша тұрғындар шаң басқан көшелерден арылды. 

Қоғамдық көлік мәселесі де шешімін тапты. Қатынас түзеліп,  №146 және №180 бағыттағы маршруттар жолаушы тасып жүр. Бұдан бөлек, балалар алаңшасы бой көтеріп,пайдалануға берілді.

Мектепке барар жолдағы көшелер жарықтандырылып, оқушылардың жүріп тұруына жағдай жасалды. 

Яндекс.Метрика