2022-05-24

ПАРТИЯ БЕЛСЕНДІЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойының қарсаңында партия белсенділерін марапаттау салтанатты іс-шарасы өтті.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Бүгiнгi өз келешегiне бет алған Тәуелсiз Қазақстан – бұл бiздiң ортақ жетiстiгiмiз, бұл бiздiң ортақ мақтанышымыз! Өз сөзiмдi аяқтай келе, мен бүкiл көпұлтты Қазақстан халқына отансүйгiштiгi мен ел игiлiгi және елiмiздiң Тәуелсiздiгi жолындағы жасампаздық еңбегi үшiн алғысымды айтқым келедi»,- деген болатын.

Бүгінгі айтулы мереке қарсаңында өңіріміз үшін елеулі еңбек етіп, Елбасы мен Мемлекет басшысының стратегиялары мен бағдарламаларын іске асыруда үлес қосқан белсенділерге «Халық алғысы» медалі және «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының қаулысына сәйкес, «Белсенді қызметі үшін» төс белгісі мен Партия Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбектің «Құрмет Грамотасы» табысталды.

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Әйтенов Мұрат Дүйсенбекұлы партияның атқарған жұмыстары мен жетістіктеріне тоқталып, Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесімен құттықтады.

— Құрметті партияластар! Болашақ жеңістерге, Елбасы белгілеген ұзақ мерзімді көшбасшылық стратегиясын тиімді жүзеге асыруға берік негіз қаланды. Біз еліміздің тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы өзгерістердің жаңа деңгейіне қадам басуға әрқашан да дайынбыз. Қазақстанның әр азаматы үшін ең ұлық мереке – Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы құтты болсын! Халқымыздың мәңгілік құндылығы — Тәуелсіздігіміз тұғырынан таймасын! – деді М.Әйтенов.

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бектаева Жанар Әлібекқызы марапат иелерін құттықтап, алдағы уақытта атқарар жұмыстарға сәттілік тіледі.

Яндекс.Метрика