Республикамыздың әр өңірі төтенше жағдайға байланысты туындаған азаматтардың жұмыссыздығына 42500 теңге көлеміндегі өтемақы алуға өтінім қабылдау үшін Telegram-боттарды іске қосты. Цифлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевтің айтуынша, Telegram желісіндегі Bot-қа жүктемені азайту мақсатында әр өңір бойынша чат-Bot-тарды ашу қаралған.
«Өтінім беру алдында өз аймағыңызды таңдауыңыз қажет. Сондай-ақ, Еgov.kz және 42500.enbek.kz сайттары арқылы да өтінім қабылдау жалғасуда. Сіздерден тексерілген сілтеме арқылы өтулеріңізді сұраймын, себебі кейбір «пысық» азаматтар өз арналарына жазылушыларды көптеп тарту үшін фэйк аккаунттарды іске қосуда», — деп жазды ведомство басшысы Facebook әлеуметтік желісінде.
Шымкент қаласының азаматтары үшін пайдалы болып қалуы ықтимал өңірлердің Telegram желісіндегі өтінім қабылдайтын Bot-тарына сілтеме:
1) Шымкент қаласы үшін https://t.me/Shymkent42500Bot;
2) Түркістан облысы үшін https://t.me/Turkistan42500Bot;
3) Нұр-Сұлтан қаласы үшін https://t.me/NurSultan42500Bot;
4) Жамбыл облысы үшін https://t.me/JambylObl42500Bot;
5) Алматы қаласы бойынша https://t.me/Almaty42500Bot;
6) Алматы облысы бойынша https://t.me/AlmaObl42500Bot;
7) Қызылорда облысы бойынша https://t.me/Qyzylorda42500Bot.
«Қызмет-Ақпарат»