Еріктілер ел үшін барын салуда

Шымкенттік еріктілер таңғы 09:00-ден кешкі 18:00-ге дейін қаладағы «Halyk Bank-тің» 176 бөлімшесін және «Қазпошта» қызметін пайдаланушы зейнеткерлерге барынша көмек қолын созып жатыр. Қажеттілік туындаған жағдайда зейнеткерлерді үйлеріне дейін жеткізіп салуды көздеген еріктілердің саны бір күнгі іс-шарада 100-ден асты.

Іс-шара қалалық Жастар ресурстық орталығынының мұрындық болуымен ұйымдастырылып отыр. Еріктілік – ерлікпен тең. Бүгінгі іс-шарада басты назар сақтық шараларын жүйелі жүзеге асыру болып отыр. Еріктілер «Halyk Bank» және «Қазпошта» қызметін пайдаланушы барлық тұрғындарға жұқпалы дерттен сақтану шаралары жайлы түсіндіріп, көмектесті.  «Іс-шара басталмас бұрын еріктілерге сақтық шаралары туралы толық түсіндіру жұмыстарын жүргізіліп, медициналық қолғаптар мен маскалар таратылды» дейді орталық басшысының орынбасары Жұлдыз Намаз.

 Еріктілер көмегіне жүгінген қала тұрғындары еріктілерге ризашылығын білдіріп жатты. Бұдан бөлек, аталмыш орталық жұқпалы дерттің алдын алу мақсатында біршама жұмыстар атқарған болатын.

Рахат Арғынбай

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика