Қаратау ауданы көшелері тегістеліп келеді

Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты жалпы жолдың ұзындығы — 1 110 шақырымды құрайды. Оның 41,7% асфальтталған, 48,6% шағал тас төселсе, 9,7% топырақ жол.
Биыл 83,6 шақырымды құрайтын 89 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальттанады. Бұл туралы аудан әкімі Рахымберді Мулкеманов Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің халықпен есепті кездесуіндегі баяндамасында мәлімдеді.
“Жыл басынан бері 40 шақырымды құрайтын 43 көшеге шағал тас, 547,1 шақырым жолға асфальт жабыны төселді. Аудан көлемінде көлік инфрақұрылымын дамыту жоспарға сәйкес жүзеге асырылып келеді. 2025 жылға дейін тағы 441,2 шақырымды құрайтын 466 көшеге құрылыс жұмыстарын жүргізіп, асфальттау жоспарлануда”,-деді аудан әкімі.
Естеріңізге салайық, былтыр бұл аудан бойынша 56,8 шақырымды құрайтын 61 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальттанды. 29,2 шақырымды құрайтын 34 көшеге шағалтас төселді. Сонымен қатар 91 көше жарықтандырылған болатын.
2022 жылы жарықтандырылған көшелер саны 130-ға жетті. Бұл жұмыстар жүйелі түрде жалғасады.

Related Posts

Богатое наследние предков в воспитании и образовании

Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика