
Қаратау ауданы 2025 жылы табиғи газбен толық қамтылады. Бұл туралы шаһар басшысы Мұрат Әйтеновтің халықпен есепті кездесуінде аудан әкімі Рахымберді Мулкеманов аудан көлеміндегі табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары жөнінде баяндады.
Естеріңізде болса, былтыр «Азат», «Асар-2», «Достық» елдімекендерінде, жалпы 4 жобаның құрылысы аяқталған болатын.
Биылғы жылы тізім «Тұран», «Нұртас», «Тассай», «Қайнарбұлақ тұрғын алабы», «Қайнарбұлақ саяжайы» елдімекендерімен толығып, бірқатар жобалардың құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аудан әкімі «2025 жылға қарай аудан көлеміндегі табиғи газбен қамту көрсеткішін 100%-ға жеткіземіз»- деді.
Ал аудан аумағында кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында былтыр “Мирас” және “Тұран” ішкі магистралы бойынша 2 жобаның жұмысы басталған. Биыл бұл тізімге “Асар-2”, “Тассай”, “Достық” елдімекендері қосылып, аудан көлемінде жалпы 5 жобаның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жалпы аудан көлемінде кәрізбен қамту көрсеткіші 42,7 %-ды құрап отыр. 2023 жылы ішкі жүйелер бойынша “Тұран”, “Тассай”, “Асар-2”, “Нұртас”, “Достық”, “Ақжайық” елдімекендерінде 6 жобаның құрылысын аяқтап, кәріз жүйесімен қамту көлемін 57,9 %-ға дейін жоғарылату жоспарлануда. 2025 жылға дейін 65 % кәріз жүйесімен қамту көзделуде,-деді аудан басшысы Рахымберді Мулкеманов.

Биыл “Нұртас су жинақтағыш” әлеуметтік нысаны бойынша 3 елді мекенде атап айтқанда,“ Қайнарбұлақ”, “Сайрам” және “Жаңақұрылыс” аумағындағы “Ақтас-2”-де құрылыс қарқынды жүргізілуде, жыл соңына дейін 1-еуі тапсырылса, 2 жоба жаңа жылға өтпелі.
2023 жылдың соңына дейін 5 нысанның құрылысы жүргізіледі.
Бүгінгі таңда Қаратау ауданының 91,6 %- сапалы ауыз суды тұтынады. 2023 жыл соңына қарай, аталған нысандардағы құрылыс жұмыстары толық аяқталса, жергілікті халық сапалы ауыз сумен 100% қамтылады”-деді аудан әкімі.