Жыл соңына дейін қала жолдарының сапасы 60%-ға жоғарылайды

Шымкент қаласының ақпараттық-коммуникациялық орталығында қаланың автомобиль жолдары және қоғамдық көлік саласына жауапты басшылар алдағы уақытта орын алатын өзгерістер жайында сөз қозғады. Сала мамандарының айтуынша, келе жатқан екі ай ішінде қала тұрғындарын айтарлықтай үлкен жаңалықтар күтіп тұр екен.

Баспасөз жиынында алдымен сөз алған қалалық Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысының орынбасары А.Тұрханов қаладағы автожолдар мен қоғамдық көлік мәселелеріне тоқталып, атқарылып жатқан шаруаларды тізбелей түсіндіріп берді.

Жалпы Шымкент қаласының автомобиль жолдарының ұзындығы 2976 шақырым болса, оның ішінде асфальт жабынды жол 1758 шақырым, тас жол 1107 шақырым және топырақ жол 112 шақырымдың құрайды. Техникалық жағдайына тоқталар болсақ, барлық жолдың 1682 шақырым немесе 56,5% бөлігі қанағаттанарлық жағдайда болса, 1295 шақырым немесе 43,5% жолдың жағдайы нашар. Нашар жол дегеніміз шағал-тас төселген немесе топырақ жолдар.

Қалада жол саласын дамыту мақсатында биыл 415 шақырым жолда құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл бағытта бюджеттен 27,5 млрд теңге қаралса, оның ішінде республикалық бюджеттен 9 млрд теңге, жергілікті бюджеттен 18,5 млрд теңге бөлінген. Нәтижесінде, ағымдағы жылы 314 шақырым жолды пайдалануға тапсыру жобаланған. Одан басқа, биыл қалада 6 көпір және 1 жолайырықтың құрылысы тапсырылатын болады. Осының қорытындысымен жыл соғңына дейін «жақсы» және «қанағаттарлық» жағдайдағы жолдың үлесі 60%-ға жоғарылайды деп күтіліп отыр.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика