2024-07-27

Микротолқынды пешті қалай таңдауға болады?

tories/1652_0.jpg» width=»300″ height=»172″ alt=»1652_0″ style=»float: right;» />

       Микротолқындық пешті сатып алардан бұрын сіз оны қаншалықты көп пайдаланатыныңызды саралауыңыз қажет. Таңдауыңызда қалай қателеспеу керектігін сізге біз айтамыз! 

       Мәселен, егер сізге жәй ғана азық түліктерді шамалы жылыту керек болатын болса, сізге қымбат емес түрлерін сатып ала берсеңіз болады.
       Егер сіздің бірінші мақсатыңыз тамақ дайындау, ол өзінше бөлек әңгіме. Модельдеріне қарамастан микротолқындық пештердің барлығы кішкентай есігі ашылған кезде өзінің жұмысын тоқтатады. 
       Егер сіздің жанұяңыз 2 адамнан тұратын болса, онда сізге орташа көлемдегі пеш өте керемет жарасады. Егер жанұяңызда адам көп болатын болса, мәселен, бес, алты пештің сыйымдылығына тең келетін пеш алғаныңыз жөн, онда тауық ешқандай қиындықсыз сыйып кетуі қажет. 
       Егер сіз тауық етін дәмді етіп жеуді ұнатсаңыз пеш алғанда гриль функциясы барын алыңыз. Олардың өзі екіге бөлінеді: тэндік және де кварцтық болып. Тэндік сіздің азық түлігіңізді барлық жағынан тура қыздырады. Ал кварцтық түрі көбіне электр қуатын үнемдеуге арналған. 
       Егер сіз майлы ет пен тәтті бәліштерді сүйіп жейтін болсаңыз сізге конвекция функциясы бар микротолқындық пеш тура келеді. Ол модельдерде өзінің желдеткіші кездеседі, онымен пешке салған азық түлігіңіздің көптеген байлы минералдары мен дәрумендері сақталуы мүмкін. 
       Сонымен қатар, пештердің сыртқы әлпетіне де қараған тиіс. Көбіне микротолқындық пештер эмальмен қапталады, ал эмаль өз кезегінде қатты материал болса да, оны басқару қиынға соқтыртпайды. Бірақ, технология дамуымен қатар, соңғы пештерде сыртын керамикамен қаптайтын болған. Бұл материал эмальға қарағанда қатты болғанымен оны жуып, тазалау оңай. Бірақ, өтіріктерден сақтаныңыз, себебі, арзан пештердің тек қана сыртын жалтыратып қана қояды. 
       Ал су жаңа микротолқындық пештерде сенсорлық басқару режимі қондырылған, сонымен қатар, батырмалық басқару және де механикалық басқарылатын түрлері бар. Пештер 3 және одан да көп түрлерден тұратын функцияларды атқарады, мәселен, тостер, гриль, буландыру және кейбір микротолқындық пештер өздерінің дайындау рецептісімен келеді.

Яндекс.Метрика