«ТАМАҚ ҚОСПАЛАРЫНЫҢ, ХОШ ИІСТЕНДІРГІШТЕРДІҢ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚОСЫМША ЗАТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ» КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТІ (КО ТР-029-2012)

«Тамақ қоспаларының, хош иістендіргіштердің және технологиялық қосымша заттардың қауіпсіздігі туралы» Кеден Одағының техникалық регламенті (КО ТР-029-2012)

1.Қолданылу саласы

1.Бұл техникалық регламент төменде көрсетілген жағдайларда қолданылады:

1) техникалық реттеу объектілерінде;

2) техникалық реттеу объектілеріне қойылатын қауіпсіздік талаптарында;

3) техникалық реттеу объектілерін сәйкестендіру қағидаларында;

4) техникалық реттеу объектілерінің осы Техникалық регламент талаптарына сәйкестігін бағалау нысандары мен рәсімдерін белгілейді.

2.Қабылдау мақсаты

2.Бұл техникалық регламентті қабылдау мақсаты:

1) адам өмірі мен денсаулығын қорғау;

2) тұтынушыларды шатастыратын әрекеттердің алдын алу;

3) қоршаған ортаны қорғау болып табылады;

3.Техникалық реттеу объектілері

1. Бұл техникалық регламенттің Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында айналымға шығарылатын және айналымда жүрген:

1) тамақ қоспалары, кешенді тамақ қоспалары;

2) хош иістендіргіштер;

3) техникалық қосымша заттар;

4) тамақ қоспаларын, хош иістендіргіштерді және технологиялық қосымша заттарды өндіру, сақтау, көшіру, өткізу, кәдеге жарату процестері болып табылады.

2. Осы Техникалық регламент азаматтардың үйлерінде жеке қолданылу үшін ғана арналатын және Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында айналымға шығаруға арналмаған тамақ қоспаларын, хош иістендіргіштерді және қосымша технологиялық заттарды өндіру, сақтау, көшіру, өткізу және кәдеге жарату процестерінде қолданылады.

4.Нарықтағы айналым ережесі

1. Тамақ қоспалары, хош иістендіргіштер және қосымша технологиялық заттардың қолданылуы осы Техникалық регламентке және қолданылуы оларға таралатын Кедендік аумағының өзге регламенттеріне сәйкес болса, Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында айналымға шығарылады.

2. Осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігі расталмаған тамақ қоспалары, хош иістендіргіштер және технологиялық қосымша заттар Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында бірыңғай таңбасымен таңбаланбайды және нарықта айналымға шығарылуға жіберілмейді.

3. Кеден Одағының бірыңғай кедендік аумағында айналымда болатын тамақ қоспалары, хош иістендіргіштер, қосымша технологиялық заттар олардың қауіпсіздігін растайтын мәліметтері бар құжаттармен, жылжуын қамтамасыз ететін құжаттармен, өнімді сақтау шарттары мен жарамдылық мерзімдері туралы ақпараттармен үйлесуі тиіс.

Шойынбаева Асылай Қасымқызы,

Техникалық реттеу және метрология комитетінің

ОҚО бойынша департаментінің бас маманы

 

 

 

 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика