2024-07-27

«Бекжан базарындағы» өрт үшін бізді кінәлау әділетсіздік ОҚО ТЖД мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бастығы Бақытжан Запаров.

alttories/ica9cyhjz.jpg» width=»168″ height=»122″ />     Біздің қоғам кінәлауға әуес.Оқиға орын алды. Бірінші қойылатын сауал кім кінәлі? Оның шығу себебі және
болдырмаудың жолдары… Бұл туралы айтылмайды. «Тынып» кетсе, тіпті жақсы.Келесі оқиғаға дейін жан нәсіп. Билік ауысады, саясат өзгереді. «Самал» өртенді, «Бекжан» өртенді, күні кеше Жаңақорғанда тағы бір базар өртенді. Ет қызумен алғашқыда кінәліні іздейміз. СЭС қайда қарап отыр, Төтенше жағдайға жауапты мекеме қайда қарап отыр, өрт қауіпсіздігіне жауаптылар қайда қарап отыр? Бізде осы сұрақтарға жауап іздеп, облыстағы аталған мекемелерге талаптары бойынша  қағазға хаттап сауал жолдадық. СЭС үн қатты. Жалпылама жауаптан іліп алар денеме таппадық. Қайта хат жолдап, жауап күтеміз де. Ал, төтенше жағдай департаментінің мамандары ахуалға жаны ауыратындарын байқатты. Шығарып салма жауап жазған жоқ, сұхбат алаңына шықты. Айтарлары бар екен.Сауалдан бастайық.

                         Коррупционер атану үшін 1 минут жеткілікті

           Н.Әлімбаев:   Жалпы базар басшыларын тәртіпке шақырып,жауапқа тарта алатын екі мекеме бар болса соның бірі Төтенше жағдай департаменті . Сырт көз солай түсінеді. Сауда орындарындағы заңсыздықтардан бейхабар деп те алмаймын. Кейбір сауда орындарындағы заңсыздықтар, талаптардың орындалмағаны арнайы маман емес, мен сияқты сырт адамның өзінің көңілін аударып тұрады.Бірақ, соған қарамастан сауда орындары жұмысын жалғастыруда. Жаман айтпай жақсы жоқ, мұнан кейін тағы бір
«Бекжан» оқиғасы орын алмайды деп сеніммен айта алмайсың. Талапқа сай еместері
туралы әңгіме басқа, соңғы тексеру жұмыстары қашан жүргізілді және қанша сауда орындары талапқа сай? Осы туралы айтыңызшы…

           Б.Запаров: Қайсымыз болмасын, заңнан аттап кете алмаймыз. Заң талабына сай тексеру үшін тексерілетін мекемеге біздің тарапымыздан 1 ай бұрын хабарлама беріліп, прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органына тіркеледі . Содан кейін барып тексеру жұмыстары жүргізіледі. Сіздің сұрағыңызға, қарай сауда қатарларының иелері осы
хабарламаны алғаннан кейін тексеруге бір ай дайындалады. Мемлекеттік өрт бақылау қызметкерлері белгіленген уақытта өз міндеттерін орындауға келгенде сауда орындарында өрт қауіпсіздігінің бір қатар талаптары сақталып тұрады. Нақты айтар болсақ, өрт болған жағдайда
адамдардың шығу жолдары, базар аумағына өрт сөндіру автокөліктерінің кіру жолдары ашылады. Алғашқы өртке қарсы құрал жабдықтармен жабдықталады тағы басқалар. Мемлекеттік инспектор тек қана тексеру уақытында анықталған кемшіліктер бойынша акт түзіп, орын алған кемшіліктер бойынша әкімшілік шара қолданады. Барлық тексерулердің мерзімдері шектеулі, яғни белгіленген уақытта тексеріліп біту керек. Тексеріліп болғаннан кейін, шамамен екі аптада әлгі базарлар немесе сауда орындарында өрт қауіпсіздік жағдайы бұрынғы қалпына келеді, яғни эвакуациялық шығу жолдары жабылады. Базар аумағына өрт сөндіру автокөлігінің кіруіне ешқандай мүмкіндік қалмайды. Мұның бәрін мемлекеттік өрт
бақылау инспекторы көре тұра ешқандай шара қолдана алмайды. Олай болатыны, базар аумағына кіріп қандайда бір тексеру жүргізу тәртібі реттелген.

          Жалпы объектілер тәуекел дәрежесіне қарай жоғары, орта және болмашы болып бөлінеді. Ал сауда орындары өздерінің аумағына және басқа да көрсеткіштеріне қарай жоғары және орта тәуекел дәрежелеріне жатқызылған. Жоғары тәуекел дәрежелері жылда тексерілсе, орта
тәуекел дәрежеге жататын сауда орындары үш жылда бір рет тексеріледі. Жоспардан тыс тексеру, белгілі бір мекемеде өрт қауіпсіздік талаптары сақталмай адам өміріне қауіп қатер төніп тұрғаны туралы  арыз, шағым немесе қадағалаушы органдардан тапсырмалар түскен хаттардың негізінде жүргізіледі.  

             Облыс көлемінде бүгінгі таңда әр түрлі деңгейдегі 120 сауда орындары орналасқан. Соның ішінде 44-і жоғары, 76 орта тәуекел дәрежелеріне жатқызылған. Осы жерде бір мәселені айта кетейін, кейбір үлкен сауда орындары бірнеше шағын сауда қатарларына бөлінген. Иелері бөлек. Ол сауда қатарлары шағын болғандықтан үш жылда бір рет тексеріледі. Ал базардың сыртынан қарасаң жылда тексерілетін үлкен бір базар болып көрінеді.

          Ал мемлекеттік өрт бақылау қызметкері адамдар көп жиналатын орындарда өрт қауіпсіздігінің талаптары сақталмағанын және адам өміріне қауіп төндіріп тұрғанын көре тұра, заңды бұзып, яғни арнайы рұқсатсыз өз уақытында шара қолдана алмайды. Бұл жерде мемлекеттік инспектордың құзіреті шектелген. Негізі мемлекеттік қызметкерге коррупционер атану үшін 1 минут та жеткілікті,сіз мені түсінді деп ойлаймын.

                           Бір жылда  салынған айыппұл 469476 теңге

            Н.Әлімбаев:   Шымкентте сауда орындары да көп, көп болған соң заңсыздықтардың да көп болатыны заңды. Заңсыздықтар көп, бірақ қола бар мәліметтер салынған айыппұл мөлшерінің тіптен аз екенін көрсетеді. Мысалы облыстық жол полиция бір жылда заңсыздықтар есебінен қазынаға 350-400 млн. теңге түсіреді екен. Мұны қалай түсінуге болады? Айыппұлға келгенде кімдер жасырынбақ ойнап жүр?

           Б.Запаров: Бірден айта кетейін  мен сізге биылғы мәліметті бере алмаймын. Себебі сауда орындарын облыс деңгейінде Төтенше жағдай департаменті тарапынан тексеріс жұмыстары әлі
аяқталған жоқ. Сондықтан қолымдағы 2011 жылдың мәліметін айта кетейін.

          Мысалы 2011 жылы сауда орындарын 49 тексеріс жұмыстары жүргізілді. Осы орайда 25 әкімшілік жауапкершілікке тартылып 469476 теңге  айыппұл салынды. Сіздің айтып отырған сұрағыңыз өте орынды.Егер қандай да бір заңсыздықтар орын алған жағдайда 5 айлық айыппұл көрсеткіш пен 25 айлық айыппұл көрсеткіш аралығында айыппұл сала аламыз. Мысалы 5 айлық айыппұл көрсеткіш дегеніміз 1618 теңге шамасында болса біз көп дегенде 40450 теңге
айыппұл сала аламыз деген сөз. Ал базар басшылығына бұл тіпті ақша емес десек те болады. Бір жылда бір рет 40450 теңге айыппұл төлеп өз тіршілігін жасай береді деген сөз.

         Осы уақытқа дейін біздің тарапымыздан жеке кәсіпкерлерге тек қана әкімшілік шараларды қолданумен шектеліп келген болатынбыз. Биылғы тексерулердің қорытындысымен өрт
қауіпсіздігінің талаптарына сай келмейтін сауда орындарында анықталған өрт қауіпсіздігінің кемшіліктері толық орындалғанша жұмыстарын уақытша тоқтату үшін сотқа талап арыздар
жіберіледі.   Яғни, өрт қауіпсіздігіне жауап бермейтін сауда орындары сот арқылы жабылатын болады.

                 «Бекжан базарындағы» өрт үшін бізді кінәлау әділетсіздік

             Н.Әлімбаев:   Бар мәселе санаға байланысты дегенді айтқыңыз келіп отыр ғой. Пікір біржақтама болып кетпес үшін мынаны да біле кеткеніміз жөн болар. Кәсіпкерлерге қолдау көрсеткен елбасы, биыл көктемде  тазалықты сақтау жөнінде де тапсырма бергені бар. Бұл да санаға байланысты жағдай. Осыны сауда орындарының басшылары қалай қабылдады? Өрттің шығуына осы тазалық мәселесінің әсері болады. Жалпы сіздерге осы менің кәсіпкерлік мекенімдегі қауіпсіздік жүйесі дұрыс па, ертеңгі күні елдің обалына қалып жүрмейін, тексеріп берсеңдер деп келгендер болды ма?

          Б.Запаров: Өкінішке орай үлкен сауда орындары тарапынан ондай ұсыныс бүгінгі таңға дейін жасалған жоқ.  Бізге кәсіпкер азаматтар өрт қәуіпсіздігі бойынша қорытынды алып,
құжаттарын заңдастыру үшін ғана келеді. Кейбір азаматтар өртке қарсы дабылқаққыш қоярда соны қабылдап бер деп келеді. Басқа жағдайда аттап баспайды. Бұл жерде барлық азаматтарға топырақ шаша алмаймын, кейбір көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар келіп тұрады, жоғарыдағыдай өтінішпен. Биыл өтініш айтып 3 азамат келгенін айта кеткім келеді.

           Н. Әлімбаев: Шымкенттің үлкен базарларының екеуінде өрт оқиғасы орын алды, бұл аз емес. Негізінен нәпақасын саудадан айырып жүрген жерлестеріміз осы төтенше оқиғалардың зардабын көбірек тартты десек артық айтқандық емес. Қалай болғанда да өрт төтенше жағдай, айтып келмейді, не істеу керек?

          Б.Запаров: Халықтың сана сезімін ояту керек. Әрбір кәсіпкер азамат өз дүниесін қорғауды үйренуі керек. Біздің менталитетіміз басқаша. Біздің азаматтар бірінші ақша мен сауда айналымын ойлайды да одан кейін қауіпсіздікті естеріне алады. Тегінде адам баласы қәуіпсіздік жүйесін ретке келтіріп алып содан кейін дүниесін жинағаны дұрыс. Мысалы Бекжан сауда орталығының көлікжайында бүгінгі таңда сауда саттық жүріп жатыр. Біз өрт қәуіпсіздік
талаптарына сай емес деген қорытынды бердік. Сонда да жұмысын жалғастырып жатыр. Бекжан базары жайында айтар болсам біз аталмыш сауда орталығын төтенше жағдай тарапына сай емес деп тауып әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.

        *Маман кеңесі

          Н.Әлімбаев:   Сауда орындарының қәуіпсіздігі дегенде әуелі нені айтар едіңіз?Талапқа сай деген сауда орынын бейнелеп бере аласыз ба?

          Б.Запаров:Бірінші, төтенше жағдай болған жағдайда азаматтардың шығу жолдары әрдайым ашық болуы керек. Жолға бөгет болатын тосқауылдар болмауышарт.Сонымен қатар өрт сөндіргіш құрал саймандармен жабдықталуы, өртке қарсы дабылқаққыштардың орнатылуы және олардың әрдайым жұмыс істеп тұруы керек. Сондай -ақ өртке қарсы су көздерінің болуы орынжайлардың ара қашықтығы тиісті деңгейде болуы керек. Мысалы, ұзындығы
100 шаршы метр болатын орынжайдың ені 1,5 м шамасында болуы тиіс. Осы секілді бірнеше талаптары бар. Мен негізгілерін айтып отырмын.

           Базар басшылары әрдайым сауда орындарында өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауы
тиіс. Сонымен қатар қол астындағы сатушы азаматтарға да жиі ескертіп отыруы тиіс. Өрт қауіпсіздігі ережелерін білмейтін , төтенше жағдай орын алған жағдайда қажетті құралдың қай жерде тұратынын білмейтін азаматтарды жұмысқа жібермеуі керек деп ойлаймын.

       *Тақырыпқа дәйек

      Сөз соңында айта кеткенді жөн санадық. Шымкент қаласындағы 20 сауда орталығының 18- не әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. Енді қалай болар екен?.. Кемшілік түзеле ме, жоқ, айппұл төлеумен іс біті ме? 2 сауда орны жабылды деген ақпар бар. Бірақ,  тиісті орындар оалрдың   атын атап, түсін түстеуді міндеті санамапты. 
Сауда орындарының имиджіне нұқсан келтіргісі келмеген сыңайлы. Солай болғаны да жөн шығар. Біздің айтпағымыз бұл Шымкент қаласындағы сауда орындары 100 пайыз төтенше жағдай талаптарына сай емес деген сөз. Оны биылғы жыл бойы жүргізілген тексерудің нәтижесі көрсетер, бәлкім…

      Нұрлан Әлімбаев

             «Қызмет»

          Облыстық Төтенше жағдай департаменті Басты функционалдық міндеті.  Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою.  Үш сала бойын қызмет етеді. Азаматтық қорғаныс. Мемлекеттік өрт бақылау. Өнеркәсіп саласындағы төтенше жағдайлардың алдын алу. Мұнан басқа тағы үш қызметтің қызметін үйлестіреді. Судан құтқару, шұғыл құтқару, өрт сөндіру қызметтері.  Егер шұғыл құтқару қызметіне қажеттілік туындаса 051, өрт шыққан жағдайда 101 телефонына хабарласуға болады.

{jcomments on}

 



 

 

Яндекс.Метрика