САУДА ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ДІНИ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ҚОЗҒАҒАН ЖИЫН

Қараша айының 18 жұлдызы мен  20 жұлдызы аралығында «Алаш», «Бекжан», «Шымкент-Тұлпар», «АвтоНұр», «Самал» және «Сәт» сауда орындарында Дін істер басқармасының тапсырысы бойынша «Жалын» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен «Ірі сауда орындарында діни тұрақтылықты қамтамасыз ету» тақырыбында кездесулер өткізілді.

Кездесуге «Жалын» қоғамдық бірлестігінің» төрағасы Қ. Керімбеков, «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» КММ-нің бөлім басшысы Б. Омарбаев, «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» КММ-нің маманы У. Аралбаев, дінтанушы Д. Оспанов, «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» КММ-нің психолог маманы А. Алдиев қатысты.

Іс-шарада  Шымкент тұрғындарын, әсіресе жастарды түрлі бағыттағы теріс пиғылды діни ағымдардың зиянды ықпалынан сақтандыру, діни ақпаратты алу көздерін білу, әлеуметтік желідегі ақпаратты қалай саралау сияқты көкейкесті мәселелер айтылып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Арнайы келген психолог теріс пиғылды ағымдардың зардабын айтып өтіп, олардан сақтану жолдарымен таныстырды.   

  • Related Posts

    TikTok, Instagram, Youtube қашан қазақша сөйлейді немесе Z ұрпағы үшін қазақ тілін трендке айналдыру жолдары

    TikTok, Instagram, YouTube сияқты желілер тек көңіл көтеру құралы ғана емес, қоғамдық пікірді қалыптастыратын, мәдени, рухани бағыт-бағдар беретін күшке айналғалы қашан. Бұл платформалар қазіргі таңда тіл саясатына әсер ететін ықпалды…

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика