Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты шағын аудандарда қазіргі кезде инфрақұрылыммен толықтай қамту бойынша мәселелер біртіндеп шешімін тауып келеді.
Атап айтар болсақ, Солтүстік-батыс шағын ауданында 181 отбасы қоныстанған. Халық саны 6 355 адам. Сапалы электр қуаты, табиғи газ, және ауыз сумен толық қамтылған. Сондай-ақ, жалпы саны 39 көшенің 22-сі асфальтталған болса, 17-сі тас жол.
Биылғы жылы Өріс тұйығы, Талас , Бектау жалпы 2 көше жөндеуден өткізілді. Өзекті көшесі пайдалануға берілді.
Жарықтандырылған көшелер саны – 3. Сонымен бірге Самал-3 шағын ауданында да инфрақұрылым мәселесі жолға қойылған. Аталмыш ауданда халық саны 27 090 адамды құрайды.
Тұрғындар ауыз су, табиғи газ, және сапалы электр қуатымен толық қамтамасыз етілген. шағын ауданда 63 көше бар. Оның 24-і асфальтті көше болса, 39-ы тас жол. Биылғы жылы Б.Момышұлы (жалғасы 1,2,3,4) Құрманғазы, Қайсенов, Өскенбай, Ерубаев, Аманжолов, Баршын 6 көше жөндеуден өткізілді.
Жарықтандырылған көшелер саны – 14. Аталған қос шағын ауданда сапалы интернетпен қамтамасыз ету мақсатында талшықты оптика желісі жүргізілген.
Ал Шұғыла шағын ауданында 728 отбасы қоныстанған болса, халық саны 3820 адамды құрайды.
Бүгінде шағын аудан, сапалы лектр қуатымен, ауыз сумен, және табиғи газбен толық қамтылған.
Шұғылада жалпы саны 16 көше бар, 16 көшеге де толығымен асфальт жабыны төселген, және толық пайдалануға берілген. Жарықтандырылған көшелер саны – 4. Сапалы интернетпен қамтамасыз ету мақсатында талшықты оптика желісі орнатылған.
Абай ауданына қарасты Қатынкөпір шағын ауданында 5 302 отбасы қоныстанған. Халық саны 37 150 адамды құрайды. Бүгінде шағын ауданда, сапалы ауыз су, табиғи газ, сапалы электр қуатымен толық қамтамасыз етілген. Жалпы саны 107 көшенің 75-і асфальт, 32-сі тас жол. Биыл Спатаев, Ирисмет ата, Айбек , Яссауй — 4 көше пайдалануға берілді. Жарықтандырылған көшелер саны – 18.
Сапалы интернетпен қамтамасыз ету мақсатында базалық станция орнатылған.
Сонымен бірге, 3,4,8 шағын аудандарында 77 көп қабатты үй бар. Халық саны 15296 адамды құрайды. Бүгінде шағын аудандар, сапалы ауыз су, табиғи газ, электр қуатымен толық қамтамасыз етілген. Шағын аудандардағы көшелерге толығымен асфальт жабыны төселген . Жарықтандырылған көшелер саны-3. Сапалы интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары 2023 жылы аяқталады деп жоспарлануда.
Leave a Reply