
Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов «Бозарық» шағын ауданындағы 74 га жерге тартылып жатқан инженерлік-инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс барысын көріп, жұмыс сапасын қадағалады.

Бұған қоса 4,1 шақырымды құрайтын газ құбырын тарту жұмыстары басталған. Құрылыс толығымен жыл соңына дейін аяқталады, ал әзірге тиісті жұмыстың 20% атқарылды.
Сондай-ақ мұнда жалпы ұзындығы 5,2 шақырымды құрайтын кәріз жүйесі тартылуда. Қазіргі уақытта құрылыстың 70%-ға жуығы орындалып, жоспар бойынша қалған жұмыстар қараша айында толық аяқталады.

Еске сала кетейік, өткен жылы Бадам тұрғын алабында (195 орам) 331 абонентке табиғи газ жүйесінің құрылысы аяқталған болатын. Биыл 13 тұрғын алапта табиғи газбен қамтылмаған жаңақұрылыс аумақтағы 6149 абонентке ЖСҚ әзірленеді. Атап айтқанда,Тоғыс, Жыланбұзған, Елтай, Айнатас, Қарабастау, Жұлдыз, Жалын, Бадам, Қаратөбе, Оңтүстік-Жаңақұрылыс, Бадам, Бадам-2 және Оңтүстік елді мекендері бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Жалпы қалада 2023 жылы 8, 2024 жылы 12 елді мекен табиғи газбен толық қамтылады. Қазіргі таңда бұл бағытта тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Айта кетейік, Шымкентте АГРС-3 автоматтандырылған газ тарату станциясы іске қосылды.Енді қаланың барлық аумағын көгілдір отынмен қамту мүмкіндігі бар. Елдегі ең ірі газ тарату станциясының құрылысы 59 шақырым газ құбыры тартылған. Халықты табиғи газбен толық қамтамасыз ету мақсатында салынған газ тарату станциясының құрылысы 2019 жылы басталған еді.