ТҮРКІСТАНДЫҚТАР АБЫЛАЙДЫ ХАН КӨТЕРДІ

Қазақ елінің тұтастығына негіз болған Абылай ханмен түркістандықтар «Хан көтеру рәсімі» атты театрландырылған көрініс арқылы жақындай түсті. 
Нақтырақ айтсақ, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы өткен бейсенбіде мұражай ісін дамытуға бағытталған әлемдік озық тәжірибелерге сүйене отырып, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде қазақ хандарын таққа көтеру рәсімін реконструкциялық қойылым арқылы жұртшылық назарына ұсынды.
Тарихымыздың беттерін ақтарсақ, қазақ халқы ел билеген хандардан, ұлт болашағы үшін қолына найза алған батырлардан, кемел билерден кенде болмаған. Солардың қатарындағы шоқтығы биік ұлы тұлғаның бірі – Абылай ханның биыл 300 жылдығы. Осы тарихи оқиғаның кең көлемде аталып өтуі, соның ішінде тарихи сәттерді өнер майталмандарының көрініс етіп жеткізуі Түркістан төрінде жиналған көпшілік үшін баға жетпес рухани байлыққа баланды.
Осылайша көпшіліктің көңілінен орын алған арнайы қойылымды қоюға 200-ге тарта адам қатысқан. Бас-аяғы 3 сағатқа жуықтайтын тарихи сәтті мұражай басшысы М.Садықбеков былайша түсіндіреді: «Хан көтеру рәсімінде ХVІІІ ғасырдағы қазақ қоғамындағы айтулы оқиға – Абылайханды үш жүздің ханы етіп көтеру бейнеленеді. Бұл шараның тұжырымдамасы мен сценарийі XVIII ғасырдағы орыс сахатшылары мен орыс-қазақ елшілігі арасындағы құжаттар мен ғылыми зерттеулер және Абылайхан туралы халық ауыз әдебиеті негізінде әзірленген».
Осылайша жұртшылықтың ықыласына бөленген шара барысында Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Т.Мұсаев өз сөзінде мемлекет басшысының «Алмағайып сұрапыл заманда есеңгіреген елге ес кіргізіп, бір тудың астына біріктіре білген Абылай ерлігі мен ақыл-парасатын қатар жұмсаған сарабдал саясаткерлігінің арқасында қазақ халқын жойылып кетуден сақтап қалды. Осылайша, туған халқының кемел болашағын аңсаған ол өз дәуірі артқан ұлы жүкті қайыспай көтеріп, ел алдындағы перзенттік парызын атқарып кетті» деген сөзін ту етіп, «Хан көтеру рәсіміне» жиналған көрермендерге «Өткен тарихымызды ұлықтау өз отбасымыздан бастау алуы керек деп санаймын. Осы орайда мұражай? Ол – біздің ата-бабаларымыздан қалған құнды мұралардың орны. Ескі күндерге сапар шеккізетін, тарихпен тікелей тілдестіретін басқа әлем», — дей келіп, Абылайдың ұлылығы жөнінде сөз етті. 
  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика