2024-07-27

Студент болдық, мінекей!

Жуырда С.Сейфуллин атындағы Халықтар Достығы үйінде Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының 1 курс студенттеріне арналған салтанатты Тұсау кесер кеші өткізілді. Бірінші курстықтарды алғашқы болып академиямының оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры М.Ұ.Анартаева құттықтады. Мұнан кейін дәрігер мамандығын таңдаған жастар салтанатты түрде Гиппократ антын қабылдады. Студенттерге білім кілті мен студенттік билеттер арнайы табысталды. Аталған оқу орнының кәсіподақ ұйымы және тәрбие бөлімі ұйымдастырған жиында оқуда, қоғамдық өмірде, спорт саласында да белсенді болған жастардың аты мақтанышпен аталып, оларға арнайы марапаттарды факультет декандары табыстады. Аталмыш іс-шара соңы әсем әуен мен мың бұралған бишілердің әсем биіне, сонымен қатар КВН-ойындарымен қорытындыланды. Бұл жылғы тұсау кесердің ерекшелігі ОҚМФА студенттері өздері оқитын білім ордасының әнұран алғаш рет шырқады.

Яндекс.Метрика