«Ордабасы құс» өнімдері — Мәскеуде

tories/DSC_1014.jpg» width=»200″ height=»134″ alt=»DSC_1014″ style=»float: left;» />

        Апта басында Ресейдің мәскеулік нарығына Қазақстаннан кезекті мал шаруашылығы өнімдер   жөнелтілді.  Күркетауық өсіру, сою және етін өңдеумен айналысатын «Ордабасы Құс» ЖШС құс  фабрикасы Мәскеулік сауда  компаниялардың бірімен жасаған келісім аясында көршілес Ресейге  74 тонна мөлшерінде өз өнімін экспорттады.  Жалпы алғанда, «ҚазАгро» Ұлттық Холдингі    арқылы қаржыландырылған күркетауық құс фабрикасы көрші елге 3500  тонна күркетауық етін экспорттаған болатын.
      Бүгінгі күні құс кешенінде диеталық ет өнімдерінен бастап, қайта өңделген өнімдерге дейін өнімнің 55 түрі бар. Дегенмен,  өндірісте өнім түрлерін 100 атауға дейін өсіруді жоспарлап отыр. Құс фабрикасының ерекше мақтанышы – өзіндік ерекше дайындау әдісі бар күркетауық қазысы. Кәсіпорынды іске қосу арқылы 327 жұмыс орны құрылды, 10 жаңа құс қорасын іске қосу арқылы тағы 87 адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда. Өндірілген еттің шамамен 30 пайызы Ресейге экспортталады. Қазақстанда күркетауық еті «Дәмді ет» сауда маркасымен ОҚО, ШҚО, Жамбыл, Павлодар, Қарағанды облыстарында, Астана мен Алматы қалаларында сатылады. Өндірісті кеңейту арқылы компания елдің батыс аймақтарына өнім жеткізуді, сондай-ақ орта азия мен еуропа нарықтарын игеруді жоспарлауда.
      Құс фабрикасы өнімдері сертификатталған және HACCP мен ISO халықаралық стандарттарына сәйкес. Бұдан бөлек, ОҚО құс фабрикасы бірқатар халықаралық байқаулар жеңімпазы, соның соңғылары – «Орталық Азияның үздік экспортері -2013» USAID байқауының бірінші орын жеңімпазы және ресейлік «Ұлттық күркетауық – 2013» байқауының «Үздік сапа жүйесі бар кәсіпорын» номинациясы бойынша бас жүлде иегері. Қазақстанда кәсіпорын «Алтын Сапа – 2013» бас жүлдесіне ұмтылуда.
 
                                                                                                                                  «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ баспасөз қызметі.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика