Нұрсәттегі үйлердің сыртқы қасбеті жөнделе ме?

Шымкент қаласының Нұрсәт шағын ауданындағы №18, 19 көпқабатты үйлердің сыртқы қасбеті сын көтермейді. 2016 жылы салынған тұрғын үйлердің қабырғаларының әрі көшіп, жауын-шашынға шыдас бермей түсе бастаған. Мәселені талайдан бері қозғап жүрген үй тұрғындарымен қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы кездесіп, шағымдарын тыңдады.

Кездесу барысында құрылыс басқармасының басшысы Ербол Ахметов көпқабатты үйлердің құрылысын алматылық құрылыс компаниясы жүргізгенін айтты. Мердігердің тұрғын үйге 5 жылдық кепіл мерзімі де аяқталмаған. Алайда, бүгінде аталған компания жұмысын тоқтатқан. Бірақ заңды түрде банкрот деп жарияланбапты. Сол себепті, қаланың құрылыс басқармасы мердігерді сотқа беріп жеңіп шыққан.

«Қазір сала мамандарымен және құрылыс компанияларымен сөйлесіп, сыртына жөндеу жұмыстарын жүргізудің түрлі жолдарын қарастырып жатырмын. Бұл үйлердің сыртын жөндеп беремін. Себебі, мердігердің қателігіне тұрғындар кінәлі емес. Сабырлық танытыңыздар, демеушілермен де сөйлесіп жан-жақты қарастырып жатырмын»— деді қала әкімі.

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика