«Қайтпасқа» жарық жүйесі тартылады

Шаһар басшысы «Қайтпас-1» шағын ауданына барды. Мұндағы тұрғындар сапасы төмен жекеменшік жарық жүйесіне шағымданып отыр. Бұдан бөлек жол, ауыз су, газ, қоғамдық көлік мәселесі өзекті екенін айтады халық.

Өз кезегінде Мұрат Дүйсенбекұлы тұрғындар көтерген мәселелер кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.

«Сіздердің қуаты әлсіз жекеменшік электр энергиясын тұтынып отырғандарыңыздан хабардармын. Кезінде осындағы 416 үйге жарық жүйесі жетпей қалған екен. Соны ескеріп, қуат жүйесін жүргізуге байқау өткізіп, мердігер мекемені анықтадық. Жуырда олар жұмысын бастайды. Құрылыс жұмыстарын күзге дейін бітіруге әрекет жасаймыз. Сонда сіздерде сапалы энергия болады. Ал, су, газ тарту мәселесіне келсек, жуырда жобалық сметасын жасаймыз. Биыл жұмыстарды бастауға тырысамыз»— дейді Мұрат Әйтенов.

Қоғамдық көлік жұмысына қайта зерделеу жұмыстары жасалып жатқанын айтады қала әкімі. Жаз айларына қарай автобус мәселесі де өз шешімін таппақ.

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика